Сабақтың мақсаты: Оқушылардың физика пәнінен білім дәрежелерін жетілдіре түсу


кезең «Үздік оқушыны» анықтауға мүмкіндік береді. Б



бет3/3
Дата27.11.2023
өлшемі23,84 Kb.
#129872
түріСабақ
1   2   3
3 кезең «Үздік оқушыны» анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кезеңде 12 ұяшық берілген. Әр бір топ өзінің таңдауы бойынша ұяшық таңдайды. Сұрақтардың бағалануы деңгейлерге байланысты есептеледі.
Сайысымыздың 4-ші кезеңі «Қалжыңы мен әзілі аралас физика» деп аталады мұнда 9 ұяшық бойынша топтар кезекпен ұяшық таңдап жауап береді, егер топ жауап бере алмаса, тек 1 топтың жауап беруге мүмкіндігі бар.
1. Үзіліс кезіндегі екі оқушының соқтығысуының арасындағы аралық неге тең? Жауабы: Еркін жүру жолының ұзындығына тең
2. Қандай «кулонды» мойынға тағуға болмайды ?Жауабы: Электр зарядының бірлігі - Кулонды
3. Кез – келген адамның ала алмайтын сыйлығы?Жауабы: Нобель сыйлығы
4. Шәйнек қайнап кетті, қақпағы секіріп тұр, неге? Жауабы: Қайнау процесінде бу пайда болады да, оның қысымы қақпақты жоғары көтереді, бу сыртқа шыққанда қақпақ төмен түседі.
5. Қандай сақинаны тағуға болмайды ?Жауабы: Ньютон сақинасы
6. Қандай торға қамауға болмайды ?Жауабы: Дифракциялық торға
7. Қандай моль киімді жемейді ?Жауабы: Моль - заттың мөлшерінің бірлігі
8. Қандай өріске мал жаюға болмайды ?Жауабы: Электрлік және магниттік өріс
9. Сорпа ішкенде неге ағаш қасық пайдаланылады? Жауабы: Ағаш жылуды нашар өткізеді
Жүргізуші:
Балалар бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер түсіп байқап қаралықта.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.
Соларды көре тұра қалалық па,
Даналық өшпес байлық, кетпес жарық.
Жүріңдер іздеп тауып алалық па? - деп А. Байтұрсынов атамыз айтқандай сайысымыздың келесі және соңғы бөлімі Мақал – мәтелдер (сәйкестендіру) сайысына көшсек.

1. Жеті рет өлшеп бір рет кес Диффузия
2. Көсеу ұзын болса қол күймес Физикалық шаманы өлшеу
3. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді Жылу өткізгіштік
4. Отқа салса темірде балқиды Жылдамдық
5. Аттыға жаяу жолдас болмас Заттың агрегаттық күйі(балқу)
6. Дән себілмей астық өнбейді Булану конденсация
Дария буланбай шық түспейді.
7.Қарыстан сүйем жақын Жылу өткізгіштік
8. Тонның жылуы терісінен емес жүнінен Физикалық шама
9. Қимылдаған қыр асар Заттың агрегаттық күйі
10. Таумен тасты су бұзар
Адамзатты сөз бұзар Механикалық қозғалыс
11. Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер Жылдамдық
12. Шапшаң озар
Жатқан қалар Инерция
Апталық аясында өткізілген «Физика және өмір» атты сыныптан тыс шарамыз аяқталды. Физикадан алған білімдерің талай жұмбақ шешуін табуға көмектессін. Осылайша әрдайым білімдеріңді өмірді танып-білуге жұмсай біліңдер. Талаптарыңызға нұр жаусын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет