5 кезең: «Шешуін тап». Жұмбақ шешу сайысы:
1. Қақпақты тарс тарс жабады,
Терезені қағады.
Уілдейді ысқырып,
Қорқытады баланы. (жел)
2. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап)
3. Қабат қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
4. Қимылдаса көп шебер,
Қыруар қыруар іс бітер.(қол)
5. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (киіз үй)
6. Дауысы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі әні көп.
Құлағын он бұра,
Ол не? (домбыра)
7. Өзі ащы,
Бірақ дәмді етер асты. (тұз)
8. Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырым жалап тұр. (қазан)
9. Жылт жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (су)
10. Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)
(әділқазыларға сөз)
6 кезең: «Жаңылтпаш айтып жарысу». Тез, дұрыс айту.
1. Тақпақ жаттап, Айтсақ жақсы ақ.
Жатқа тақпақ, жатта тақ тақ.
2. Ата мен әже, ана да,
Алма мен алмұрт тереді.
Ауылға Арман бала да,
Арбамен тасып береді.
3. Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман болмағаны.
4. Бар, май шайқа,
Байқа, жай шайқа.
(әділқазыларға сөз)
7 кезең: «Өнерлі өрге жүзер».
Тіл, Отан, отбасы туралы өлең жолдарын айту.
(әділқазыларға сөз)
5. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Сайысқа белсенді қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Бүгінгі сайыста сендер өз білімдеріңді, өнерлеріңді ортаға салып, топ абыройын жоғары көтердіңдер. Болашақта мектепте, басқа да ұйымда өтетін шараларда жүлделі орын алуларыңа тілектеспін.
Әділқазылар алқасына да құрметтерімізді білдіріп, қөшемет көрсетейік.
6. Марапаттау рәсімі.
Достарыңызбен бөлісу: |