Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін және ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру



бет8/8
Дата30.03.2022
өлшемі178,61 Kb.
#29324
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
внеклассное 3 Б

Түсіну сатысында жаңа сабақтың тақырыбы слайд қөру арқылы ашылды. Ашылған тақырыпқа әр топ оқушылары мақсат қойды. Содан кейін мұғалім баяндады. Жаңа сабақты баяндау кезінде мұғалім оқушылармен диалогқа түсті. Баяндау презентация түрінде көрсетілді. Соңынан «Сергіту сәті» болды.

Талдау, қолдану сатысы жаңа сабақты бекіту кезеңінде қолданылды. Бұл кезеңде жұппен жұмыс орындалды. Сабақтың басында белсенділік танытпай отырған оқушылар Данил мен Кирилл Астан туралы айтып берсе, Дарья сүйікті мультфильмі туралы толық мазмұндар берді.

Жинақтау сатысында оқушылар сабаққа рефлексия жасады. Рефлексияда: мен білдім..., мен үйрендім ..., маған ұнады ..., менің көңіл күйім (смайлик суреті) арқылы ойларын жинақтады.

Бағалау сатысында бағалау парағының қорытындысы бойынша, топтағы жұмыста, жұптағы жұмыста және жеке жұмыста белсенділіктері ескеріле отырып жиынтық баға журналға қойылды. Бағалау парағына әр топ жетекшісі: үй жұмысына 1 балл, «Хикая картасы» тапсырмасына әр дұрыс жауапқа 1 балл барлығы 7 балл, жұптық жұмысқа 2 балдан қойып отырды. Соңында 9-10 балл жинаған оқушы «5», 7-8 балл жинаған оқушы «4», 4-6 балл жинаған білім алушы «3» деген бағамен бағаланды.

3 сыныпта өткен «Менің сүйікті мультфильмім» тақырыбы бойынша өткен сабақтың көріністері.



«Әріптес» әдісі Сергіту сәті «Аю,аю тұршы»






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет