Бастаушы. Отанымызды қорғау үшін Совет Одағының патриоттары майданға аттанды. Барлық халық майданға көмектесі. Барлық халық майданға көмектесті. Партизан отрядтары құрылды. «Бәріде майдан үшін» - деген ұран тасталды. Осы қатыгез майданымызға қазақтың қара көз қыздары қатысты. Олар: Мәншүк, Әлия, Зоя.
2-оқушы. Сілкінтіп зеңбіректер көктің жүзін
Оқ борап снарядтар, қаптайды ызың.
Қаптаған қалың жаудың тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
3-оқушы.
Қолыңда пулеметті максим оның
Бойында жігер, қайрат тасқын оның
Ерлермен тізе қосып атакада
Оғымен жеңіс майдан ашты жолын.
4-оқушы.
Қыр қызы орындады берген антты.
Халқыңа адал болу ердің салты.
Ел үшін қасық қанын аямаған
Жүректе мәңгі өшпей Мәншүк атың.
5-оқушы. Мәншүктің өмір баяны жайлы:
Мәншүк 1922ж. Батыс Қазақстан облысы Орда қалашығында туған. Оның балалық шағы Алматы қаласында өтті. 1942 жылы өзі сұранып майданға аттанды. 1943 жылы қаза тапты. Оған Кеңес Одағының атағы берілді.
6-оқушы: Отанға жаулар қаптады,
Опасыз дұшпан тапталды.
Қасиетті жер үшін,
Қастерлеп батыр ел ісін,
Әлия, Мәншүк, Зоялар
Жаулардың көзін жойды олар.
7-оқушы: Әлия өмір баяны.
Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған. Ата-анасынан ерте айырылыпты. Әлия туыстарымен Ленинградқа кетіп қалады. Кейін балалар үйынде тәрбиеленіп, 1942 жылы өзі сұранып атқыштар мектебіне оқуға түседі, оқуын бітіріп майданға барады. 1944 жылы қайтыс болады.
8-оқушы. Ардақты батыр ағалар
Сүйікті біздің әкелер
Біз де өсіп толамыз
Өздеріңдей боламыз
Ата жолын қуамыз
Айтқан сертте тұрамыз
9 – оқушы: Достық бізге тым ыстық
Мақсатымыз тыныштық
Ойран соғыс болмасын
Тыныштық мәңгі орнасын
10- оқушы Қаймықпаған қиындықтың жерінен
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен
11- оқушы: Сен бұл күнді қадірле, жан немерем
Сен ерген соң жарқылдап алда келем
Жауыздықты әділет жеңді дағы
Қанатында бақыттың самғады әлем
12 – оқушы: Сен бұл күнді аяла, осы күнді
Сенің балам, түзелген бесігің де
Өзің атаң қуанып, қолына алып,
Қойған сенің Жеңіс есіміңді
13 – оқушы: Сен бұл күнді ардақта, өз атаңдай
Жүрер ол да өміріңде аз аталмай
Әрбір үйдің әйнегін нұр боп үйіп
Жырлайды ұлы күн жазғы таңдай
14 – оқушы: Жеңісті елге әкелген ағалар да
Тіпті азайып кетті ғой амал бар ма?
Барларына гүл сыйла, ал жоқтарын
Даңқ бол, - деп табыста замандарға
15 – оқушы: Отқа тосты кеудесін біз деп халық
Ұлы да аттанды майданға, қыз да аттанып.
Сол жеңісті әкелген әжелерің
Тірісніде басыңды ій іздеп бәрін
16 – оқушы: Рухына елінің ер сыйынған,
Оралмаған бабыңа бер сиыңнан.
Жеңіс күні – жеріңе той келген күн
Тірегі – бақ, өліге берсін иман
17 – оқушы: Әкедеймін ардақты,
«Алтыннан да салмақты»
қиын – қиын жолдарда
қорықпаймын сен барда
Әке деген салмақты ат
Өтемін оны ардақтап