Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады.
Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.
Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандық -тары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілік- ті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.
Сонымен қатар мамандық таңдау факторларына мыналарды жатқызуға болады:
«Білгім келеді» - (қызығушылық, бейімділік).
Қызығушылық- қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге ,
оны зерттеуге деген құмарлық.
Бейімділік - қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.
«Қолымнан келеді» - (қабілет, денсаулық жағдайы).
Қабілет- адамның қандай да бір қызметті орындаудағы жеке -дара
қабілеті, шығармашылық мүмкіндігі.
«Маған керек»- (қажеттілік, сұраныс)
Қоғамға әр түрлі саланың мамандық иелері қажет. Мамандық таңдауда өзіннің мамандығынның еңбек рыногындағы сұранысын білу мен қатар, болашақта өзіңнің еңбекке араласу мүмкіндігінді білу керек.
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:
Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер.
Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.