Тәрбие сағатының тақырыбы: Семей полигоны-Қазақстанның ядролық қасіреті Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Семей полигонының зардаптарын шығу тарихы, зерттелуі туралы түсінік беру.
Оқушылардың білімділіктерін арттыра отырып, білім мазмұнын кеңейту.
Логикалық ой өрісін дамыту барысында тапқырлыққа танымдылығын арттыруға дағдыландыру.
Қоршаған ортаны таза ұстауға, еліміздің табиғатын қорғауға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: карталар, интерактивті тақта, кестелер, сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі;
б) Жаңа сабақ;
в) Үй тапсырмасын тексеру;
г) Кестемен жұмыс;
Жаңа сабақ жоспары:
1) Атом бомбасы туралы түсінік;
2) Семей полигоны;
3) Статистикалық мәлімет;
4) Географиялық диктант;
Жаңа сабақ:
І. ХХ ғасырдың 40 жылдарында Америка Құрама Штаттары атом бомбасын жасап шығарды. Бірінші атом бомбасы 1945 жылы Тынық мұхиттағы Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталды. Бірнеше секундтардан кейін атом жарылыс жүздеген мың адамдардың өмірін қиды. Мыңдаған радиоактивті сәулеге шалдыққан және мүгедек адамдар пайда болды.
ІІ. Семей полигоны.
Адамзатқа үлкен қайғы - қасірет пен апат әкелетін - ядролық қару. Кеңестер Одағында жасалынған ядролық қаруды сынайтын алаң қазақ жеріндегі (қазіргі Шығыс Қазақстан облысына қарасты) Семей полигоны болды. Полигонда 40 жыл бойы 470 рет ядролық қару сынақтан өткен. Атом бомбасы сыналған аумақта: жерде, ауада, суда, топырақта радиоактивті заттардың мөлшерінің артуы байқалған. Семей ядролық полигондағы сынақ қуаты байқалған. Семей ядролық полигондағы сынақ қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2, 5 есеге асып түскен.
«Сандар сөйлейді»
1. Арал теңізінің көлемі -
2. Теңіз табанынан атмосфераға жылына қанша тонна тұзды шаң - тозаң ұшады -
3. Қай жылы Қапшағай су қоймасы салынды -
4. Балқаш көлі батыстан шығысқа қарай неше км - ге созылған -
5. Арал теңізінде балықтың неше түрі есепке алынған -
«Кім шапшаң?» ойыны
1.«Арал теңізі» деп тұңғыш атаған кім?
2. Арал теңізі Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
3. Арал теңізінің негізгі балық түрлерін ата:
4. Арал теңізі деңгейінің күрт төмендеуіне не себеп болды?
Географиялық диктант
1. 1989 жылы... тің, «...»
экологиялық қозғалысы құрылды.
2. Полигонда... жыл ішінде... рет ядролық қару сынақтан өткен.
Сабақты қорыту. Бағалау.
Үй тапсырмасы: