Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:
1. Заңдарға бағыну;
2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;
3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу;
4. Қаржы, салықты төлеу;
5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;
6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;
7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін орындау;
8. Орта мектеп білімін алу;
9. Қазақстан Республикасын қорғау;
Оқушының құқығы бар:
1. Ана тілінде тегін оқу, медициналық қызмет, өмірінің қорғау, оқуға жақсы жағдай жасау, еңбек пен демалыс, мектепте уақытымен сапалы тамақтануға.
2. Жеке тұлғасын құрметтеу, керек жағдайда мұғалімдерге немесе басқа мектеп қызметкерлеріне өзіне қарату, олардан көмек алу.
3. Мектептен тиісті жағдайда қаржылы көмек алу.
4. Оқуда
— мемлекеттік және басқа бағдарлама бойынша сапалы білім алу, мектепішілік оқулықтар, құралдармен пайдалануға;
-оқушының аурып қалған және басқа жағдайда мұғалімдерден қосымша көмек алуға;
-сабақ арасындағы және басқа ұйымдастырылған демалыс, жексенбі және каникул күндерінде, сабақтан босатылған жағдайда;
5. Өз қабілетін және талантын жан-жақты дамыту, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларды таңдауға.
6. Өз ұйым өмірінің сұрақтарын шешу кезде қатысуға
7. Өз қабілеті, білімі және мүмкіндігіне қарай байқау, жарыс, сайыстарда өз сыныбын, мектебін таныстыруға.
8. Кез келген кезде бос орын болса, басқа сынып, мектепке ауысуға.
Оқушы міндетті:
1. Мектеп Жарлығын орындау, сонымен қатар:
— мектеп жарлығына сәйкес жағдайда, мектеп қызметкерлер және кезекші оқушылардың айтқанын орындау, мектеп ішіндегі қалыптасқан ережелер, қауіпсіз техникасын және тазалықты сақтау;
— мұғалім және өз ұжымының тапсырысын орындау, сынып кезекшілікте және өз-өзіне қызмет жасауға қатысу;
— оқушылар, басқа мектеп қызметкерлерінің құқығын құрметтеу және олармен санасу, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жасамау, даулы сұрақтарды тәртіппен шешу;
— мектеп, сыныпта тыныштық, сабырлықты сақтау:
— темекі шекпеу, денсаулыққа зиянды заттарды қабылдамау, сыпайы, сабырлы, киімін таза ұстау, өз-өзіне қарау
2.Оқуда:
— ынталы оқу,оқу процесіне кедергі жасамау,үйде және сыныпта мұғалім тапсырмасын өзіндік орындауға тырысу;
— уақытында сабаққа келу,оқу орнын таза ұстау;
— сабаққа мектепішілік формамен келу;
3. Мектеп ғимаратын, оқу құралдарын, мүліктерін сақтау, басқалардың еңбегін құрметтеу, өз және басқалардың заттарына, ағаштарға ұқыптылықпен қарау, егер зиян келтірген жағдайда ата-аналармен өтеу.
4. Су және электроэнергияны,тағамдарды үнемдеу.
5. Өз ұстау мәдениеті, еңбек және сөйлеу ережесін сақтау.
Талқылау
Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па? Неге?
2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімі не өз санасы?
3. Қылмыс жасағанға қоғам кінәлі ме?
4. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?
6. Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?
Жұмбақ шешу
1. Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,
Ондайлар отаныма өте керек.
Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек. (Жеті жарғы)
2. Мерекең құтты болсын ұстаздарым,
Оқушы, келім – кетті бар достарым.
Тәуелсіздік заңының қабылданған,
Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық. (1991 жыл)
Менен сұрақ – Сізден жауап
Конституция алғаш рет қай елде қабылданған? ( Англияда)
Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы қай жылы қабылданды? (30 тамыз 1995 жыл)
Қазақстан Республикасының азаматтарының қандай міндеттері бар?
Қорытынды
«Заң адамды бағындырады
Заңды ақыл бағындырады» Т.Фуллер
Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.
Абай Құнанбаев
Достарыңызбен бөлісу: |