Тақырыбы: Өз құқығыңды білесің бе?
Сабақтың мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.
Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Қолданылатын көмекші құралдар: Бейне-ролик, слайд-презентация
Ұйымдастырушылық кезең Презентация «Өз құқығыңды білесің бе?»
Видео-ролик: Конституция туралы Конституция дегеніміз не?
.«Конституция» -латыншадан аударғанда «құрылыс», «бекіту», «орнату» деген ұғымды береді.
Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
Аздап тарихқа көз жүгіртсек
XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы»,Есім ханның ескі жолы»,
Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады.
Қызықты ақпарат
Конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары құқықтар жөніндегі билль деген атпен қабылданған.
Жазбаша конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін, 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келген.
Қазақстан Республикасы азаматтарының қандай құқықтары бар? 12-бап Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
14-бап Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
17-бап Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
19-бап Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
29-бап 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.
30-бап 1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі.
2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.