3 тақырып. Іс-әрекет психологиясы
Сабақтың мақсаты: Іс-әрекет туралы теориялық білім беру,ойлау операцияларын дамыту.
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Іс-әрекет құрылымын теориялық талдау жасап кесте толтыру.
2. Икемділік, дағды және әдет тақырыптарына конспект жасап презентация жасау.
Әдістемелік нұсқау: а) Қ.Сейталиевтің Жалпы психология оқу құралы, С.Жақыпов Жалпы психологияға: кіріспе оқу құралы бойынша Іс-әрекет тақырыбын оқып мазмұндау. Топта «Өкіл әдісі»бойынша өзара ақпараталмасу. Топпен кесте толтыру
б) Әдебиеттерді пайдалана отырып оқыған материалдарына сүйеніп презентация жасау. АКТны қолдану
Әдебиеттер: Жарықбаев Қ.Б. Жан тану негіздері. Алматы, 2002.
С.Жақыпов. Жалпы психология негіздері. Оқу құралы. А., Қазақ университеті, 2008.
Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология. Алматы, «Білім», 1996.
Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері. Құрастырушылар: Н.Б. Беріков, Қ.Б.Жарықбаев Алматы, 1987.
4 тақырып. Адамдар арасындағы қарым-қатынасы психологиясы
Сабақтың мақсаты: қарым-қатынас түсінігімен таныстыру, адамның қоршаған ортадағы қарым-қатынасының мәні туралы, топ туралы түсінік қалыптастыру, топтардың түрлерімен таныстыру.
Қарастырылатын сұрақтар: Қарым-қатынастың түрлері, формалары, атқаратын қызметтері.
Қарым-қатынастың жақтары.
Үлкен топтар мен шағын топтарға сипаттама беру
Топтағы қарым - қатынастың маңыздылығын талдау
Қарым-қатынас жасау - ақпарат алмасу әрекеті сұрағына конспект жазып ауызша жауап беру
Әдістемелік нұсқау: а) тақырыптар бойынша алдымен аудиторияда топтарға бірігіп сол топ мүшелерімен берілген сұрақтарды талдауп постерлер галереясы арқылы қорғау
б) ұсынылған әдебиеттерді оқи отырып қажетті мәліметтерге конспект жазу
в) Таңдау әдісі. Социометрия әдісін топта жүргізу
Әдебиеттер: Жарықбаев Қ.Б. Жан тану негіздері. Алматы, 2002.
С.Жақыпов. Жалпы психология негіздері. Оқу құралы. А., Қазақ университеті, 2008.
Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология. Алматы, «Білім», 1996.