- Сабақ сізге ұнады ма? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
- Сабақтың ұтымды жерлері қандай болды?
- Сабақ тақырыбының (проблеманың) Сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?
- Бүінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? Неліктен?
- Осы тақырып бойынша тағы да білгіңіз келеді ме?
- Осы тақырып бойынша қандай ақпарат көздерін пайдаланасыз?
- Бұл тақырыпты қарастыруда сіздің үлесіңіз қандай болды деп ойлайсыз?
- сабақта қандай әрекеттер атқардыңыз?
- Өз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?
2 тақырып.Психологиядағы сана және бейсаналық мәселелер
Сабақтың мақсаты: теориялық зерттеу жасау дағдыларын қалыптастыру, критикалық ойлауды дамыту;
Қарастырылатын сұрақтар: Психологияның негізгі категориялары мен принциптерін анықтау
Психика және жануарлар мен адамның бейнелеу ерекшеліктері.
Психиканың сенсорлық (сезімдік) және перцептивтік сатыларына салыстырмалы талдау.
Әдістемелік нұсқау: а) 1-ші сұрақ бойынша анықтама беру және төменде көрсетілген әдебиеттерге сүйене отырып конспект жасау.
б) 2-ші тапсырма бойынша аудиторияда «Джигсо» әдісі арқылы топпен орындау
в) Сана мен бейсана түсініктерін қазақша және орысшы әдебиеттерді оқып талдау жасау
д) 4-ші сұрақ бойынша талдау жасап, терминологиялық сөздік құру керек
Әдебиеттер: Жарықбаев Қ.Б. Жан тану негіздері. Алматы, 2002.
С.Жақыпов. Жалпы психология негіздері. Оқу құралы. А., Қазақ университеті, 2008.
Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология. Алматы, «Білім», 1996.