Джамалунгма(8848 м)
Эверест деп те атайды.1953 ж29 мамырда тауды бірінші өлшеген Джордж Эвересттің құрметіне қойған.
2.Сәйкестікті тап:
«Аспан таулары»мағынасын білдіретін тау
|
Азия мен Еуропаны бөліп тұратын таулар
|
ҮІІ. Сабақты бекіту:
Бүгінгі мақсатымызға жеттік пе?
-Таулар биіктігіне қарай неше бөлінеді?
— Таулар пайда болуына қарай неше бөлінеді?
-Таулар қандай бағыт бойынша орналасады?
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: оқып мазмұндау
Сабақтың тақырыбы:Ауданның өзендері мен көлдері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың табиғат туралы түсініктерін кеңейту, табиғаттың құбылысын танып, одан әсер алуға үйрету. Өзен және көл туралы мәлімет бере отырып, білімдерін арттыру.
2.Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, табиғатты аялауға үйрету, шығармашылық ой - өрісін артыра отырып, экологиялық тәрбие беру.
3.Дамытушылық: байқағыштық, танымдық қабілеттерін дамыту, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
ІҮ Сабақтың әдісі: әңгімелесу, әңгіме, бақылау, сұрақ - жауап
Ү Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, суретті плакат, сызбалар, кескін картасы.
ҮІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу , сабаққа дайындықтарын тексеру . Жаңа сабақтың өткен сабақпен тығыз байланысты екенін ескере келіп , үйге берілген тапсырманы талдаудан бастау .
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген тапсырма бойынша түсінік сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ: Құлан өңірінің географиялық орны
Өзен дегеніміз - өзі салған арнамен ағатын су ағыны. Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады. Өзендер екіге бөлінеді: тау өзендері жазық өзендер. Тау өзендері тік жартасты терең болып келеді. Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу, жазық жерлердің өзендері терең емес және олардың ені бірнеше километр болады.
Қызықты мәлімет
Әлемдегі ең ұзын өзен – Мысырдағы Ніл өзені. Оның ұзындығы 6670 км. Ең қысқа өзен – АҚШ - тағы Ди өзені. Оның ұзындығы 37 км.
Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар. Ертіс, Іле, Орал, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана жүзе алады. Бұл өзендерде балықтардың құнды тұқымдары тіршілік етеді.
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықтарда да, тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрл і болады. Үлкен көлдер теңіз деп аталады.Өзендер сияқты көлдер де жаңбыр суынан қорекетенеді. Көл суы буланады және өзенге бастау болады. Көл суы ағынды және ағынсыз болады. Ағынды көлден өзен ағып шағады. Көлге тұз жинақталады, ол өзен суымен бірге ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады. Көлдің шаруашылықта пайдасы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |