Тәжірибелік жұмыс
№ 1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу
№1. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері – 15к.%, ал веналық қанда – 10 к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы -74%, ал көктамырда – 48 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық- веналық айырмашылық қандай, және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№ 2. Артериялық кандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 6к %. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98% ал көктамырда 30%. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№ 3. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 16к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98%, көктамырда 80 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№ 4. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10к.%, ал веналық қанда 4к.%. Қанның оттегілік көлемі төмендеген. Оттегі бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№5. 39 жастағы науқаста «Митралды қақпақшаның стенозы» диагнозымен алқыну, акроцианоз байқалады, өкпеде — дымқыл сырыл, әсіресе аяқта жайылған ісінулер, жүрек шекараларының үлкейуі, тахикардия, артериялық гипотензия, ұлғайған және қабырғадан 5 см шыққан бауыр, асцит; диурез азайған.
Қышқылдық – сілтілік үйлесімнің көрсеткіштері:
Рн
|
7,32
|
раО2
|
71 мм с.б.
|
раСО2
|
52 мм с.б.
|
рvО2
|
47 мм с.б.
|
SВ
|
18,6 ммоль/л
|
МК
|
26 мг%
|
ВЕ
|
–5 ммоль/л
|
|
|
Na+ концентрациясы қан плазмасында жоғарылаған; гипо‑ және диспротеинемия; эритроцитоз.
1. Осы жағдайда гипоксияның қандай түрлері дамыды? Жауабын түсіндіріңіз.
2. Науқаста гипоксияға бейімделу белгілері бар ма?
3. Науқаста ісінулердің қандай түрлері бар және олардың патогенезі қандай?
№ 6. 60 жастағы науқас Ц. 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының тұсында жайылған трансмуралды инфаркт алған және ауруханада жатқан, түнде ауа жетіспеу сезімімен оянды. Шақырған медбике оның керуетке отырып, аяғын түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас аздап жеңілдеді. Бірақ осыдан 10 минөттен соң ол ентігудің күшейгеніне, ауық-ауық жөтелудің (қақырықсыз) қажеттігіне, сонымен бірге тыныс жолдарында құлағына естілетін сырылдардың пайда болғанына шағымданды. Медбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.
Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.
Берілген жағдайда гипоксия түрлерінің даму бірізділігі қандай?
Бұл жағдайда не себепті раО2, рvO2, оттегі бойынша артерио-веноздық айырма, рН өзгереді, қалай?
№ 7 . 50 жастағы науқасты үйінде өспе дамыған асқазанынан кенеттен қатты қан кету әсерінен дамыған ауыл халдегі жағдайдан шығарғаннан кейін ӨЖВ аспабын қолдану арқылы жасалынған наркозбен гастроэктомия жасалынды. Шокқа қарсы ем қолдану және операция барысында науқасқа әртүрлі плазма ауыстырушылар (1 литр мөлшерінде) және екі күн сақталған 2,5 л донор қаны енгізілді. Операциядан соң 3-ші күні Hb мөлшері қалпына келгеніне қарамастан науқастың жағдайы ауыр халде қала берді: әлсіздік, бас ауыруы, бас айналуы, аяқ пен қолдарының терісі салқын, гипотензия (70/30 мм с.б.), сыртқы тыныс алудың ауыр бұзылыстары, бүйрек жеткіліксіздігі және сарғыштану (тері мен шырышты қабаттардың сарғыштануы). Науқас ӨЖВ аспабына ауыстырылды.
Науқаста операциядан кейінгі 3-тәулікте қандай жағдай байқалды? Жауабыңызды мәлімдеңіз.
Гипоксия дамуының себептері мен тетіктері қандай: а) операция алдындағы кезеңде, б) операция кезінде, в) операциядан кейінгі 3-тәулікте?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 537-548.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 2 . Раздел Внутреннее дыхание.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 84-87
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 340-351
Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар/ Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 221 – 228 беттер
Қосымша
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 201-211.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 525-538.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 478-514.
№ 4 тақырып: АЛЛЕРГИЯ
Сабақ мақсаты:
Аллергиялық әсерленістердің этиологиясы, патогенезі бойынша білімін қалыптастыру
Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану
Тақырып сұрақтары бойынша дискуссия жүргізу бойынша дағдылар қалыптастыру
Оқытудың міндеттері:
Аллергиялық серпілістердің себептерін, даму тетіктерін, көріністерін және алдын алудың негізгі ұстанымдарын оқып-білу.
Теориялық материалды талдау барысында медициналық терминдерді қолдануды үйрету
Теориялық білімді ситуациялық есептер шығару барысында қолдануды үйрету
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы (себептері мен жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы.Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.
Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.
Аллергиялық серпілістердің сатылары (иммундық серпілістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.
Сезімталдықты жоғарылату, түрлері, патогенезі.
Аллергиялық серпілістердің І, ІІ, ІІІ,ІҮ түрі патогенезінің ерекшеліктері;
а) аллергендердің табиғаты, сезімталдықтың жоғарылау тетіктері;
б) негізгі дәнекерлер, олардың шығу тегі және биологиялық әсерлері.
6. Аллергиялық әсерленістердің алдын алу және емдеудің патогенездік ұстанымдары. Сезімталдықты төмендетудің арнайы және бейнақты түрлері және тетіктері.
Оқыту әдістері: Оқытушының қатысуымен және бақылауымен студенттердің арасында пікірталас, тәжірибелер жасау, тәжірибенің нәтижесін талқылау, «Теңіз тышқанында анафилаксиялық сілеймені үлгілеу» бейнефильмін көру, ситуациялық есептерді шешу, аллергиялық серпілістердің патогенезі бойынша бейнеайналым көру.
Бақылау әдістері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындыны тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |