ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
№1 тапсырма Эрлих карциномасының іш шемендік түрінің жағындысындағы
өспе жасушаларының атипиясын зерттеу.
Романовский – Гимза әдісімен боялған Эрлих карциномасының іш шемендік түрінің дайын жағындысын алып, алдымен микроскоптың кішкене ұлғайтуы арқылы қарап, соңынан иммерсиялық объективтің көмегімен зерттейді. Ядросы мен цитоплазмасының арасында анық шекарасы бар обыр жасушаларын табады. Морфологиялық атипияға тән белгілерді зерттейді:
● Өспе жасушаларының көп түрлілігі ( кішкентай және алып жасушалардың болуы).
● Ядросы көп жасушаларының болуы ( цитоплазма бөлінбей ядролардың бөлінуі).
● Гиперхромды ядролары бар алып жасушалардың пайда болуы.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріледі:
Жағындыда өспе жасушаларының қандай атипиялық белгілері байқалады?
Атипияның туындау тетіктері қандай?
№ 2 тапсырма Ситуациялық есептерді шығару
№ 1 есеп.
52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан соң, химиотерапия емінен кейін бір жылдан соң сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде өспе жасушалары анықталды, құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас.
Сұрақтар:
Осы ерекшеліктерді қалай түсіндіруге болады?
жаңа өспенің пайда болуымен?
өкпе өспесінің қайталануы?
өкпе өспесінің метастаздануы?
Даму тетіктерінің мүмкіндігін анықтайтын жауапты негіздеңіз
№ 2 есеп. 50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбеттің себепсіз төмендеуіне, жүректің айнуына шағымданады. Соңғы уақыттарда айтарлықтай салмағының төмендеуі, қызба, терінің бозарғаны байқалады. Қанның және асқазан сөлінің зерттеу нәтижелері асқазан сөлі қышқылдығының төмендегенін және анемияны көрсетеді.
Гастроскопиялық зертеуде өспе анықталды. Науқас сонымен қатар, 30 жылдан бері атрофиялық гастритпен ауыратынын айтты.
Сұрақтар:
1. Асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті қатерлі өспенің дамуына әкелуі мүмкін бе?
2. Науқастың жүдеуінің (кахексия) даму тетігі қандай? Түсіндіріңіз?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 357-385
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.780-837
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 290 - 314.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 117-130.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.:«Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 229 - 243
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, 366-400.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 238-254
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 586-623.
Рыспекова Н.Н. Патофизиология опухолевого роста (методическое пособие для студентов). Алматы, 2002.-58с.
Pathologic basis of disease. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 193-223.
Долгих В.Т. Опухолевый рост.- М.: Медицинская книга. –2001. -81с
Лихтенштейн А.В., Шапот В.С. Опухолевый рост: ткани, клетки, молекулы // Патологическая физиология и экспериментальная терапия.-1998. - № 3.- С.25-44
Достарыңызбен бөлісу: |