Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет15/21
Дата27.09.2023
өлшемі249,59 Kb.
#110992
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
практика-каз-МПФ

ТӘЖІРИБЕЛІК жұмыс
1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу
1 есеп. Балтырында жайылған іріңдігі бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин кейін науқаста мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозу, басының қатты ауырғаны, терісінің қышынуы, бетінің қызаруы, тершеңдік байқалды; АҚҚ — 180/90 мм сын.бағ., тамыр соғысы 120. Осыған байланысты дәрігер науқасты палатаға жіберді және төсекке жатуды ұсынды. 20 мин. кейін науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен күшеюші тұншығу сезімі, есінің жоғалуы, тырыспа-селкілдек байқалды, АҚҚ — 75/55 мм сын.бағ. бірден төмендеді. Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
1. Науқасқа антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай дамыды?
2. Осы дерттік жағдайдың даму тетігі қандай?
3. Науқасты осы жағдайдан шығаруда шұғыл медициналық көмектің шаралары қандай?
2 есеп. 7 жасар балада манго сусынын ішкеннен кейін 40 мин соң тез арада жұмсақ таңдай аймағында шектелген күшейген ісіну дамыды, жұтуға кедергі жасайды, кейіннен тыныс алуға кедергі жасады. Ісінген аймақтың шырышты қабаты қызарған, ауыру сезімі жоқ; қанында — шамалы эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Анықтау барысында әкпесінде бронх демікпесінің ұстамалары болғаны белгілі болды.
1. Науқаста қабынулық ісіну даму мүмкін ба?
2. Егер жоқ болса, онда ісіну дамуы неге байланысты және қалай аталады?
3.Осы дерттік түрдің патогенезі қандай?
4. Бұл ісінуді өмірге қауіпті ісіну түріне жатқызуға бола ма?
3 есеп. 28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.
Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады?

4 есеп. Клиникада ауқымды миокард инфарктіне байланысты жатқан науқастың 6-шы аптасында нәтижесінің жақсы болуына қарамай, жүрек аймағында тұйық ауру сезімі және перикардтың үйкеліс шуы, дене қызуының 39 градусқа артқаны байқалды. Қарап тексергенде қанында эозинофильды лейкоцитоз, жүрекке қарсы антидене титрінің жоғарылауы анықталды. Дәрігер «инфаркттан кейінгі синдром» (Дресслер синдром ) деген аңғарым жасады.


Сұрақтар:
1.Белгілі болғандай, Дресслер синдромы иммуногенді жолмен дамиды, осыны есепке ала отырып, оның дамуына әкелген Аг пайда болуы мен сипаттамасын көрсетіңіз.
2. Науқастың қанында жүрекке қарсы АД табылуы, дамыған серпілістің қандай түріне жатады?
3. Антикардиальды АД Ig-ің қай түріне жатады?

5 есеп. 15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.


Сұрақтар:
1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?
2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?

6 есеп. Науқастың аяғының ашық жарақатына қайталап антигистаминдік «қорғанысы бар» тырыспаға қарсы сарысу енгізілді. Енгізгеннен кейін 9-шы тәулікте науқастың дене қызымы көтерілді, әлсіздік, иық және тізе буындарының ісінуі, теріде қатты қышыну шақыратын бөртпелер, тізеасты және шаптың лимфва түйіндерінің ұлғаюы байқалды (пальпацияда ауыру сезімі бар).


Сұрақтар:

  1. Науқаста дерттің қай түрін болжауға болады?

  2. Дерттің түріне нақтылай қорытынды жасау үшін қандай қосымша тексерулер қажет

  3. Дерт дамуының мүмкін болатын себебі мен тетігі қандай?

  4. Науқаста бұл жағдайдың алдын алуға болар ма еді?

ӘДЕБИЕТТЕР:


Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 293-311.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.362-403

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 33-42.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 136-162.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 16-48.

  6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.:«Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 139 - 163

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. – С. 224-237.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 66-89.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 89-140.

  4. Pathologic basis of disease. Environmental and nutritional pathology. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 193-223.

5 тақырып. СУ-ЭЛЕКТРОЛИТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ


Сабақтың мақсаты:

  • Су-электролит тепе-теңдігінің негізгі бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін меңгеру.

  • Патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда теориялық білімді қолдану

  • Жануарлармен жұмыс жасау тәжірибелік дағдысын бекіту

  • Сабақты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру

  • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану

Оқыту міндеттері:

  • дизгидрияның жіктелуі, этиологиясы мен патогенезі және қалпына келтіру ұстанымдарын зерттеу

  • әртүрлі клиникалық ісінулердің даму тетіктерінің, негізгі тізбегінің сызбанұсқасын құрастырып үйрену

  • Сабақты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасау дағдысын дамыту, эксперименттік ісінулер патогенезінде гемодинамикалық, онкотикалық, тіндік жайттардың маңызын зерттеу

  • Тәжірибеде жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Организмдегі су тепе-теңдігі бұзылуының түрлері.

  2. Сусыздану, патогенезі бойынша жіктелуі, себептері, сусызданудың әртүріндегі жасушаішілік және жасушадан тыс бөліктердегі осмостық қысымның өзгерістері. Негізгі көріністері және олардың патогенезі.

  3. Оң су тепе-теңдігі (изо-, гипо-, гиперосмолялдық сулану), себептері, патогенезі. «Сумен улану» туралы түсінік, себептері, даму тетіктері.

  4. Ісіну, түрлері. Ісінудің патогенездік жайттары, сипаттамасы.

  5. Натрий, калий, кальций алмасуларының бұзылыстары, себептері, организмдегі өзгерістердің патогенезі.



Оқыту әдістері:
Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, тәжірибе жасау, тәжірибе нәтижелерін талқылау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасының, тәжірибе нәтижелерінің қорытындысының дұрыстығын тексеру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет