ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
№ 1 тапсырма Калликреин -кинин жүйесі және комплемент жүйес әсерленуінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.
№ 2 тапсырма. Жалпы адаптациялық синдромның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру
№ 3 тапсырма. Қозғалтпайтын қауырт стрестің егеуқұйрықтың дене температурасына әсерін зерттеу.
Егеуқұйрықтарда стрестің үлгісін әртүрлі ықпалдар арқылы алуға болады: қозғалтпау, гипоксия, қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасы, ауырулық тітіркендіру, ашығу, оташылдық әсер, физикалық күштеме ж.б. Қозғалтпаулық стресс егеуқұйрықтарда оларды қатты байлап тастау арқылы туындатылады. Осы мақсатпен егеқұйрықты корнцагпен ұстап алып, эфир наркозы арқылы ұйықтатады, сонан соң оны аяқтарынан 30 минөт бойы тақтайшаға мықтап байлап тастайды. Байлағаннан соң дереу, 15 және 30 минөттен соң егеуқұйрықтың тік ішегіндегі қызуды өлшейді. Алынған нәтижелерді салыстырады және стресстің егеуқұйрықтың дене қызуына әсері тұралы қорытынды жасалады. Алынған нәтижелерді түсіндіреді.
№ 4 тапсырма. Есепті шешу
28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесі соғылған. Стационарға апаттан соң бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы әлсіз, тынысы сирек, беткей, жүрек соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, ҚҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ..
1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?
2. Аталған науқаста бұл жағдайдың әрі қарай дамуының мүмкіндік болжамдары қандай?
3. Науқастағы қанайналымдық және тыныстық бұзылыстардың патогенезі қандай?
4. Науқасты бұл жағдайдан шығару үшін төтенше емдеудің қандай әдісін жүргізуге болады?
ӘДЕБИЕТ
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 80-89, 115-130.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 197-231
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.442-447, 564-568.
Патофизиология в таблицах и схемах под/ред. А.Н.Нурмухамбетова. Алматы: - 2004, С. 230 - 234.
Патологическая физиология под/ред. А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А. Владимирова. М.: Триада-Х.-2002, С.48- 70.
Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 81 -96 беттер
Қосымша
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 264-293
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. - С. 264-293
Патофизиология под/ред. П.Ф.Литвицкого. М.: «ГОЭТАР-мед». Т.1 , 2003, с.689 - 721.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С.90 – 101, 444 – 446, 465 - 467
Нурмухамбетов А.Н. Стресс и его роль в адаптации организма и развитии заболеваний. Учебно-методическое пособие. Алматы, 1998. – 23 с.
Пшенникова М.Г. Феномен стресса. Эмоциональный стресс и его роль в патологии//Пат.физиол. и экспер. Терапия.-2000.-№ 2.-С.24-31; № 3.-С.20-26.
Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме. М.: Медгиз, 1960.- 254 с.
Селье Г. Стресс без дистресса. М.: Прогресс, 1982.- 125 с.
Останин А.А., Черных Е.Р. Эффективность цитокинотерапии Ронколейкином в комплексном лечении хирургических инфекций. СПб: издательство СПб университета, 2002, 28 с.
http://www.rekicen.ru/php/content.php?group=1&id=400. 2000 г. Отчет о применении «Рекицена – РД» у пациентов с часто рецидивирующими воспалительными процессами различной локализации.
№ 9 тақырып. ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Сабақтың мақсаты:
Шеткері қанайналымы мен микроциркуляция бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін, организмдегі маңызын меңгеру
Теориялық білімді есептерді шығарғанда қолдану
Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
Микроциркуляция бұзылыстары: артериялық, веналық гиперемияның, ишемияның, ишемиядан кейінгі репефузияның, тромбоз, эмболияның, стаздың туындау себептері, даму тетіктері, ерекшеліктері, сыртқы көріністері, организм үшін маңызын зерттеу
Теориялық материалды талқылағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену
Алған теориялық білімді ситуациялық есептерді шығарғанда қолдануды үйрену
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Артериялық гиперемия, анықтамасы, пайда болу себептері, түрлері, даму тетіктері, микроциркуляция жағдайлары. Артериялық қан кернеуінің (гиперемияның) сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.
Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары.Веналық гиперемияның сыртқы қөріністері, олардың патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.
Ишемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Ишемияның сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қан реперфузиясы туралы түсінік, анықтамасы, пайда болатын өзгерістердің патогенезі, салдарлары.
Стаз, анықтамасы, түрлері. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі қан ағымы токтауының тетіктері. Стаздың салдарлары.
Микроциркуляцияның біртектес дерттік үрдістері (тамырлық, тамырішілік, тамырдан тыс). Қылтамырлық - нәрленістік жеткіліксіздік туралы түсінік.
Оқыту әдістері:
Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, есептерді шешу.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындының дұрыстығын тексеру, тесттілеу.
Достарыңызбен бөлісу: |