Тәжірибелік жұмыс
№ 1 тапсырма. Жоғары барометрлік қысымның зақымдаушы әсерінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.
№ 2 тапсырма. Шудың зақымдаушы әсерінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.
№ 3 тапсырма. Ультрадыбыстың зақымдаушы әсерінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.
№ 4 тапсырма. Лазер сәулесінің зақымдаушы әсерінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру
ӘДЕБИЕТ
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 23– 30.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 121-135
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 42-52.
Қосымша
Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 14-18
БАҚЫЛАУ
Тесттерге жауап беру - Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 32 -50беттер
№ 6 тақырып: «ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІНІҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ»
Сабақтың мақсаты:
Ауру туындауы мен дамуындағы организм реактивтілігінің, төзімділігі мен тұқым қуалаушылықтың маңызын меңгеру
Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану
Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
Гипоксияға төзімділікте жас ерекшелігінің, жыныстың, ОЖЖ қызметінің, сыртқы орта жайттарының ерекшеліктерін анықтау үшін тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу
Оқыту міндеттері:
Организм реактивтілігі мен төзімділігінің дерттанудағы маңызын зерттеу
Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
Тәжірибедегі организм реактивтілігіне қарай тітіркендіргішке организмнің жауап қайтару түрлерін бағалау
Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу
Алған теориялық білімді ситуациялық есептерді шешкенде қолдануды үйрену
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Организм реактивтілігі мен төзімділігі туралы түсінік. Қоздырғышқа организмнің жауап қайтару түрлері
Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Реактивтілікті анықтайтын жағдайлар (тұқым қуалаушылық, дене бітімі, жас мөлшері, жыныс, жүйке, ішікі сөлденіс, иммундық т.б. жүйелердің ерекшелігі).
Организмнің реактивтілігін бағытты түрде өзгерту аурулардың алдын алу мен емдеудегі маңызды жол.
Оқыту әдістері:
Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, бейнекөрініс көру, тәжірибелер жасау, тәжірибе нәтижелерін талқылау.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, тәжірибе хаттамаларының дұрыс толтырылуын және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының, ситуациялық есептер жауаптарының дұрыстығын тексеру, тестілеу.
Достарыңызбен бөлісу: |