Пештің пайдалы жылулық жүктелімі (Qпол, Вт немесе кДж/сағ), немесе пештің жылулық қуаты шикізатты қыздыруға және буландыруға жұмсалатын жылудан және су буын қыздыруға жұмсалатын жылудан құралады [1,6]:
(7.1)
Шикізатты қыздыруға қажетті жылу ,( ):
(7.2)
Шикізатты буландыруға қажетті жылу, ( ):
(7.3)
Су буын қыздыруға қажетті жылу, ( )
(7.4)
мұндағы G-пештің шикізат бойынша өнімділігі, кг/сағ; -шикізат айдалуының массалық үлесі, бірлік үлестер; -сұйықтықтың пешке кіре берістегі және шығардағы энтальпиясы, кДж/кг; -пештен шыға берістегі булар энтальпиясы, кДж/кг; Gв.п.–қыздырылып жатқан су буы мөлшері, кг/сағ; х–қаныққан су буының ылғалдылығы, бірлік үлестер; l–судың булану жылуы, кДж/кг; с-жылу сыйымдылық, кДж/(кг/·К); t3– қыздырылған су буы температурасы, оС; t4 -қаныққан су буы температурасы, оС.
Құбырлы пештің пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) - бұл пештің мұнай өнімін жылытуға жұмсалған пайдалы жылу үлесін көрсетеді. Отынның толық жануы кезінде пештің ПӘК-і оның конструкциясына, кетіп жатқан түтін газдарымен және пеш қалауы арқылы жылу жоғалтуларына, ауаның артықшылық коэффициентіне байланысты болады. Құбырлы пештердің ПӘК-і әдетте 0,60-0,80 аралығында болады және келесі формула бойынша анықталады [5,6,7]:
(7.5)
мұндағы - пештің пайдалы әсер коэффициенті; - отынның жану жылуы, кДж/кг; - пеш қалауы арқылы қоршаған ортаға жылу жоғалтулары; кДж/кг отынға; - кетіп жатқан түтін газдарымен жылу жоғалтулары, кДж/кг отынға; - отын жануының толық еместігінен жылу жоғалтулары, кДж/кг (іс жүзінде 0,5-1%) .
Әдебиет: негізгі [7,8], қосымша [7,8].