2-тапсырма Жұмбақ шешу 1. Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп
2. Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын
3. Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет, сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы
4.Жануарға ұқсас атым бар
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын
Ең қажетті құралмын
Білсеңдер қане айтыңдар
5.Саусақтарды билететін,
экранға мәтінді сый ететін,
жоқ деп мүлде айта алмайтын,
иә-ні қолдап қайталайтын береген
3-тапсырма Процессорға қатысты «ДҰРЫС» тұжырымдамасы
Бұл компьютердің ең басты бөлігі
Бұл компьютердің қосымша құрылғыларынығ бірі
Бұл компьютердің «миы»
Компьютердің барлық жұмысын басқарады
Мәліметтер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайды
Аналық тақша орналасқан
Компьютерге контроллер арқылы қосылады
Компьютердің кез-келген әрекетіне қатысады
Ол- негізгі микросхема
Шапшаң әрекетімен сипатталады
Көптеген сымдардан тұрады
4. СәйкестендіруСәйкестендіру арқылы сабақты бекіту
1
Бас әріпті салу пернесі
2
Компьютердің ең басты бөлігі
3
8 биттен тұратын код
4
Кез – келген бағытта сканерлеуге арналған сканерлер қалай аталады?
5
Ақпаратты енгізу құрылғысы
6
Жүйелік блоктың бір бөлігі
7
Басып шығару сапасы жақсы әрі тез принтер
8
Экрандағы ұсақ нүктелер
9
Кеңейтілген форматта басып шығару құрылғысы
10
Ақпаратты қағаз бетіне басып шығаруға арналған құрылғы
С
Байт
К
Плоттер
Б
Аналық тақша
А
Принтер
И
Пиксель
Л
Лазерлік
Е
Процессор
П
Қолмен басқарылатын
У
Маус
Р
Caps Lock
Cұрақтарға жауап беру:
1.Компьютерлеріңе принтерді локалді түрде қалай орнатамыз?
2. Принтерді желілік түрге келтіріп қалай баптаймыз?
3. Мәтіналғыны, web камера құрылғыларын қалай орнатамыз?
Тест тапсырмалары
1. Компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар:
А) негізгі құрылғылар
Б) қосымша құрылғылар
В) екі жауап та дұрыс
2. Компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы
А) принтер
Б) сканер
В) модем
3. Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.
А) принтер
Б) модем
В) сканер
4. Драйвер дегеніміз не?
А) компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар
Б) өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар
В) мәліметтер типі
5. Флешка, дискета, компакт дискілер қандай құрылғылар:
А) ақпаратты тасымалдаушы құрылғылар
Б) негізгі құрылғылар
В) басып шығару құрылғысы
6. Интернетке қосылу үшін қандай құрылғы қажет?
А) принтер
Б) сканер
В) модем
7. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің кең тараған түрлері:
А) матрицалық, бүріккіш және лазерлік
Б) планшеттік, сенсорлық
В) антивирустық, операциялық
8. Компьютердің негізгі құрылғылары:
А) сканер, модем, монитор
Б) монитор, пернетақта, жүйелік блок
В) принтер, монитор, жүйелік блок
9. Пернетақтаның жұмысын жеңілдететін құрылғы
А) монитор
Б) тышқан (тінтуір)
В) принтер
10. Дыбыс шығаратын құрылғы
А) колонка Б) модем В) микрофон
Презентация жасап келу : WINDOUS -нің негізгі сыналары