Эссенің негізгі бөлімін жазуға үйрету технологиясы
Эссенің негізгі бөлімін сәтті жазу үшін біз мынадай жайттарды ескеру керекпіз:
1) идеялар деңгейі – логиканың ұғымдарын нақтылау (тезис, аргумент, қорытынды, дәлелдер);
2) форма / тіл деңгейі – эссенің негізгі бөлігін құрастыру.
идеялар деңгейі – логиканың ұғымдарын нақтылау (тезис, аргумент, қорытынды, дәлелдер); 2) форма / тіл деңгейі – эссенің негізгі бөлігін құрастыру.
форма / тіл деңгейі – эссенің негізгі бөлігін құрастыру.
Аргументтің құрылымы:
тезис (негізгі ой)
ашу, белгілі бір идеяны түсіндіру.
дәлелдеу (негіздеме және тұжырымдама), фактілер, дәйексөздер, беделді тұлғалардың пікірлері, статистикалық мәліметтер арқылы = аргументті мойындау
Дәлел – белгілі бір тұжырымның шынайылығын ақиқат және бір-бірімен байланысты тұжырымдар (логика заңдары) көмегімен негіздеудің логикалық тәсілдерінің жиынтығы.
Осы сызбаны қарастырған соң мынадай бірнеше қорытынды жасауға болады:
Сөйлемдердің саны абзаңтың ортақ мақсаты мен әрбір сөйлемнің міндеттерімен «шектелген»;
Негізгі бөлімнің үш абзацының әрбірінің мазмұны стандартты қалыпта, себебі құрылымға бағынады;
Аргументті эссенің әрбір абзацы біріншіден, екіншіден, үшіншіден (немесе, бірінші, екінші, үшінші) секілді қыстырма сөздерден басталады, басқа тілдік бірліктерді қолдануға тиым салынады;
Негізгі бөлім абзаңтарының орналасуы иерархияға негізделеді: күшті аргументтен – әлсізге қарай.
Осы сызбаны қарастырған соң мынадай бірнеше қорытынды жасауға болады:
Сөйлемдердің саны абзаңтың ортақ мақсаты мен әрбір сөйлемнің міндеттерімен «шектелген»;
Негізгі бөлімнің үш абзацының әрбірінің мазмұны стандартты қалыпта, себебі құрылымға бағынады;
Аргументті эссенің әрбір абзацы біріншіден, екіншіден, үшіншіден (немесе, бірінші, екінші, үшінші) секілді қыстырма сөздерден басталады, басқа тілдік бірліктерді қолдануға тиым салынады;
Негізгі бөлім абзаңтарының орналасуы иерархияға негізделеді: күшті аргументтен – әлсізге қарай.
Фактілер – эсседегі аргументация бөліктері ретінде
Play Video
Белгілі бір аргументті ұсына отырып, біз дәлелдер сызбасын алдын ала ойластырып алу керекпіз. Эссені біздің көзқарасымыз не пікірімізді қолдайтын не мақұлдайтын фактілерсіз (нақты оқиғалар, мәліметтер, фактілі ақпараттар) елестету мүмкін емес.
Айталық, «Ерте үйленудің қаупі қандай?» деген тақырыпта эссе жазып жатырмыз делік. Онда қандай фактілер қолданғанымыз жөн болады? Ең алдымен, үйленудің қаупі бар ма, жоқ па деген мәселені, егер қауіпті болса, оның себебі неде? екенін анықтап алу керекпіз. Мәселен,http://rus.azattyq. org/a/brak-rannie-niger-kazakhstan/24649754.htmlсайтында былай жазылыпты:
«Қазақстанда жыл сайын үш мыңнан астам жасөспірім-қыздар тұрмысқа шығады» – деп жазады ВВС. Бұл әрине, ресми сандар. Қазақстан Әділет министрлігінің статистикасына сүйенсек, соңғы 10 жылда елде 30 мыңнан астам үйлену фактілері тіркелген – деп жазады ВВС. Жас келіншектер мектепті бітіріп те үлгермей жатады.
... UNICEF баяндамасына сүйенсек, әлемде күйеуі мен әйелі – кәмелетке толмаған 50 миллионнан астам отбасы бар. Соңғы онжылдықта бұл сан екі есеге көбейеді. Жыл сайын 15 пен 19 жас арасындағы 14 миллионнан астам қыз балалар өмірге ұрпақ әкеліп жатады. Бұл жаста ананың жүктілік кезінде немесе босану үстінде қайтыс болу қаупі 20 жасар әйелдерге қарағанда, екі есе жоғары.
Екі абзацта да қауіптің ең басты екі себебі қара түспен көрсетілген:
жас келіншектерге білімнің жетіспейтіні
жас аналардың өлу қаупі жасы үлкен әйелдерге қарағанда, екі есе жоғары екені.
Алайда айта кететін жайт: эссе мәтіні – автордың өз бетімен орындаған мәтіні болуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |