Сабақтың номері Сабақтың типі: аралас Мамандық: 0111000 «Негізгі орта білім беру»



бет3/3
Дата02.11.2022
өлшемі27,83 Kb.
#46961
түріСабақ
1   2   3
47 - жаттығу. Төмендегі тұрақты сөз тіркестерін фразеологиялық оралым түрлеріне бөліп көшіріп жазып, олардың мағыналарына түсінік беріңдер.
Ауыз жаласу, шегірткеден қорыққан егін екпес, тілі қышу, қыпша бел, түймедейді түйедей ету, соқырға таяқ ұстатқандай, құрғақ қасық ауыз жыртады, оймақ ауыз, тамырына балта шабу, с у жаңа, сорлыға сойылдың жуан басы тиер, мидай жазық, көрпеңе қарап көсіл, шынжыр балақ, шұбар төс, иттің ырылдасқаны-амандасқаны, жақсы ит өлігін көрсетпейді, ит өлген жер,


48 - жаттығу. Төмендегі тұрақты сөз тіркестерінің жасалу жолына назар аударып, мағыналарына түсінік беріңдер.
Аузы-мұрны қисаймай, аузының дуасы бар, аузымен құс тістейді, аузын қу шөппен сүрту, аузынан түсе қалғандай, от ауызды, орақ тілді, бір елі ауызға екі елі қақпақ, оймақ ауыз, қой аузынан шөп алмас, аузын буған өгіздей, үріп ауызға салғандай, аузына құм құйылды, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты, аузының салымы бар, кедейдің аузы кер ауыз, ауызға ілігу, ауыз тию, аузын арандай ашу, аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін, жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі, аузыңа май, астыңа тай.


49 - жаттығу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдалана отырып, төмендегі сөздермен тұрақты сөз тіркестерін құрап жазыңдар. Олардың мағыналарына түсінік беріңдер.
Бет, көз, қол, бас.

Лекция тақырыбы. Қазіргі қазақ тілінң фразеологиясы, өзіндік белгілері. Фразеология түрлері


Фразеология - тіл-тілдегі фразеологиялық жүйенің қазіргі қалпын, тарихи қалыптасуы мен даму жолын зерттейтін тілбілімінің бір саласы. Фразиологизмнің негізгі зерттеу нысаны- фразеологиялық бірліктер.Фразеологияның қазақтілбілімінде өзіндік зерттелу жолы бар., қалыптасқан жүйелі көқарастар бар. Қазақ фразеологиясы өзінің алғашқы бастауын с.Аманжолов еңбегінен алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет