Жарық дифракциясы деп жарықтың түзу сызықтың бойымен таралудан ауытқуын немесе жарықтың тосқауылды орағытып өтуін айтады. Жарық интерференциясын 1665 жылы Италия физигі Франческо Мария Гримальди ашты.
Бір нүктеге жиналатын сәулелердің дифракциясы.
Параллель сәулелердегі дифракция. Оптикалық аспапатардың айыру қабілеттілігі. Дифракциялық тор дегеніміз жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар мен саңылаулар жиынтығы. Екі түрі бар:
Реттелген дифракциялық тор.
Реттелмеген дифракциялық тор.
Реттелген тор деп саңылаулары белгілі бір қатаң тәртіп бойынша орналасқан торларды айтады. Реттелмеген деп саңылаулары тәртәпсіз орналасқан торларды айтады. Геометрлиялық құрылысына қарай торларды жазық және кеңістік торлар деп те бөледі.
Айқын да анық дифракциялық суретті алу және бақылау үшін дифракциялық торды пайдаланады. Дифракциялық тoр дегеніміз — жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар және саңылаулардың жиынтығы.
Дифракциялық торды реттелген дифракциялық тop және реттелмеген дифракциялық тop деп бөледі. Реттелген тор деп саңылаулары белгілі бір қатаң тәртіп бойынша орналаскан торларды, ал реттелмеген деп саңылаулары тәртіпсіз орналасқан торларды айтады. Геометриялық құрылысына қарай торларды жазық және кеңістіктік торлар деп те бөледі. Кеңістіктік реттелмеген торларға, мысалы, тұмандағы ауа тамшылары немесе мұз қиыршықтарының жиынтығы, көз кірпіктері жатады.
Оқушыларға арналған тапсырма: 1.Дифракциялық тор дегеніміз не? 2.Дефракциялық тордың периодын қалай анықтайды? 3.Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын қалай табуға болады?