Елді мекен – адамдар тұрақты тұратын, тұрғын және өндірістік, мәдени ғимараттар бар жер. Қазақстанда 50-ден астам адам тұратын аумақ елді мекен болып саналады. Сондықтан елді мекенді жергілікті билік міндетті түрде тіркеуі керек. Елді мекендердің екі негізгі түрі бар – қалалық және ауылдық.
Қала – өндірістік, сауда, көлік, мәдени және саяси қызметтерді орындайтын елді мекен. Қалада бір немесе бірнеше сала шоғырлануы мүмкін..
Моноқала – халықтың көп бөлігі бір кәсіпорында немесе бір профильдегі бірнеше кәсіпорында жұмыс істейтін қала. Қазақстан қалаларының маңыздылығы бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: республикалық маңызы бар (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент), облыстық маңызы бар және аудандық маңызы бар қалалар.
Ауыл – аграрлық бағыттағы елді мекен. Ауыл тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады (мал шаруашылығы және егіншілік). Қазақстан халқының 42%-ы ауылдық елді мекендерде тұрады, бұл – шамамен 7,7 млн адам..
Қазақстанда 87 қала, 6700-ге жуық ауыл және кент бар.
Қалалардың функционалдық аймақтары – белгілі бір қызметті атқаратын қаланың бөліктері. Қала аумағын оңтайлы пайдалану үшін елді мекендер тұрғын, өндірістік және рекреациялық функционалдық аймақтарға бөлінеді.
Тұрғын үй аймағы – тұрғын үй кешендерін, қоғамдық құрылыстарды, ғылыми-зерттеу кешендерін және ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, бақтар, желекжолдар, т.б.) орналастыруға арналған функционалдық аймақ.
Өндірістік аймаққа өндірістік нысандар, ғылыми мекемелер кешені, коммуналдық және қойма нысандары, сыртқы қатынас жолдарын орналастыру аймағы жатады.
Рекреациялық аймаққа ормандар мен орман қорғау аймақтары, су айдындары, ауыл шаруашылығы алқаптары және қалалықтардың басқа да демалыс нысандары жатады.
Тапсырмадағы әр дәлел 1 ұпай.
1-тапс.-
4 ұпай,
2-тапс.-
6 ұпай. Барлығы 10 ұпай
Шағын мәтін, оқулық, мұғалім дайындаған тапсырмалар
Сабақтың соңы
Қорытынды Қазақстан қалаларында шешуді талап ететін бірқатар мәселе бар.
Қазақстанның ірі қалалары көші-қонға байланысты үлкен қысымға ұшырайды. Халық санының өсуіне байланысты қалалардың ластану деңгейі жоғарылайды, бұл қала тұрғындары арасында аурудың таралуына әкеледі.
Шалғай ауылдарда өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым дамымаған. Ауылдарда жұмыс орындары аз, сондықтан жұмыссыздық деңгейі жоғары, бұл ауыл халқын қалаларға көшуге мәжбүр етеді.
Бекіту сұрақтары:
Берілген тұжырымдардың ақиқат не жалған екенін анықта.
1. Ауыл экологиясы ауаның қалалармен салыстырғанда қатты газдануына байланысты нашарлайды.
2. Ауылдардағы негізгі мәселенің бірі – жұмыссыздық.
3. Қазақстан ауылдарының әл-ауқаты анағұрлым жоғары.
4. Ірі қалаларда өмір сүру үшін экологиялық жағдай қолайлы.
Қазақстанның әкімшілік-аумақтық картасы бойынша облыс орталығы қызметін атқаратын үш қаланы анықтаңыз.
Бүгінгі сабақта не білдік? Не істей алдық? Рефлексия. 321 стратегиясы
Сабақ барысында кездескен 3 маңызды ұғым
Сабақ барысында есте сақтау керек 2 маңызды ақпарат
Туындаған 1 сұрақ
Үйде оқулықтың 92-95 бет мәліметтерін қайталап оқу