1. «Бейнефильм» Оқушыларға денсаулыққа байланысты бейнефильм корсетіледі.
2. «Сұрақ-жауап» 1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер? Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек? Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
3.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет? 4. Денсаулыққа не зиян? Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу.
Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.
5.Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.
3. «Жағдаят» 1-жағдаят Бір күні сені жан досын бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстіне түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсын.
Осы жағдайда не істер едін. Қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсын ба? Өз шешімінмен бөліс.
2 жағдаят: Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.
Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?
3 жағдаят: Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?
Бейнефильмнен түсінгендерін айтады
Оқушылар кезекпен жағдаятты шешіп, ойларын ортаға салады
Көрнекілік
Соңы
Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Сау болыңдар!