Сабақтың тақырыбы : Эпиграфтар ( тақырып мазмұнын ашатын )


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



бет6/6
Дата07.10.2024
өлшемі247,3 Kb.
#147063
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Т сағаты өзгерген 2

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Тәрбие сағаты

«Жолда қозғалыс ережелері»

Күні




Класс жетекші:

Ақшабаева И.М

Класс:

Қатысушылар саны: 15

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Жол ережесін ұста жас жеткіншек!»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



-Қайырлы күн құрметті оқушылар!
Қалдарын қалай?
Алдыңғы тәрбие сағатында біз сендермен жолда жүру ережелерін өткен болатынбыз. Жолда жүру ережелерін сақтап жүрмізбе?



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді

-Иә, жолда жүру ережелерін сақтап жүрміз





Компьютер

Сабақ басы (13 мин)



Пысықтау сұрақтары:
1 сұрақ: Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
2 сұрақ: Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен реттеледі?
3 сұрақ. Жүргіншілерге қай жолмен жүру керек?
4 сұрақ. Жиек жол болмағанда ше?
5 сұрақ Жолдың қай жағынан жүру керек?
6 сұрақ. Ата - аналарға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырасыз?


-Бағдаршам ойыны:

Барлық оқушы айнала билеп жүреді. Қызыл жанғанда тоқтап қалады. Жасыл жанғанда билеп жүреді. Сары жанғанда 1 аяғын көтеріп, екі қолын жайып тұра қалады. Шартты бұзғандар ойыннан шығып қалады.


Ән: Біз жолаушы баламыз.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Слайд




Сабақ ортасы
30 мин

- Жол белгілерінің суреттерін көрсету.
1. Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қара.
2. Мектепке барар жолды, не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.
3. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.
4. Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең күте тұр. Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда “Жаяу жүргіншіге арналған жол”дегенді білдіреді.
Тротуарда жүру тәртібі. Жеке жүрсең:
1.Тротуардың оң жағын ала жүр.
2.Жүгірме,асықпай адымда.
3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.
6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердің бірінен жәрдем сұра.
8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.
Топпен бірге жүрсең:
1.Қатардан шықпа.
2.Алысып, ойнама.
3.Жүгірме, секірме, итеріспе.
4.Шуылдама.
5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама.
6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.
Жол жиегі
Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал.Оны кейде бордюр деп атайды. Бордюр француз тілінде “бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз. Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл.
Қоршаулар
Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда, мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топ- талған тұстарында жанына қойылады. Жол қозғалысы ережелерін, нағыз қасақана бұзу-шылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі. Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмай- тынына әрқашан сенімді.Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргі-зуші аса қиын жағдайға тап болады.



  • Ой толғаныс

Жол ережесіне байланысты жұмбақ, өлеңдер құрастыру.

Суретпен жұмыс оқушыларда

Оқушылар ой толғаныс ретінде жол жүру ережелері туралы 1 шұмақ өлең құрастырады



Жол белгілері



Соңы



-Сен білесіңбе?
1.Жүргіншілер деген кім?
А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер
2. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
А) болады В) болмайды С) білмеймін
3.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?
А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан
4. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен
5. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?
А) 10 В) 12 С) 14
6. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?
А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері
7. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?
А) сары В) жасыл С) қызыл



Оқушылар интерактивті тақта арқылы сабақтан түсіншгендері бойынша тестке жауап береді





Слайд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет