Сабақтың тақырыбы: " Кітап -асыл қазына "



бет1/4
Дата13.04.2023
өлшемі21,87 Kb.
#82297
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
,,Кітап -асыл қазына,, сынып сағаты


Сабақтың тақырыбы:Кітап –асыл қазына”.
Мақсаты: Оқушыларға кітаптың маңызын, кітап арқылы білім берілетінін ұғындыру. Шығар-машылық қабілетін, ой- өрісін дамыту. Оқулықты,кітапты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адам-гершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Жұмбақ шешу.
Көп әңгімем, өлеңім, Күнде ақыл беремін. Жақсы көрсе мені кім, Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап).


2.-Бүгінгі сынып сағатымыз кітап туралы болмақ.Кітап адам өмірінде ерекше мәнге ие. Себебі кітап арқылы адамның ой-өрісі, пікірі, дүниеқарасы қалыптасады. Кітап біздің ойлау қабілетіміз-ді, сана-сезімізді өсіреді. Сондықтан кітапты халқымыз асыл мұра, қазына деп санайды.
Сендерге қысқаша кітаптың шығу тарихынан әңгімелеп берейін.
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Кітап мұқабасын ертеде теріден де жасайтын болған. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шы-ғарыла бастады. Кітаптар түрлі мазмұнда, әр түрлі көлемде болады.


Кітаптың шығу тарихы туралы не білеміз?
Ежелгі заманда Мысырда, Греция мен Римде балшықтан арнайы тақтайшалар құйылды. Оның бетіне үшкір қаламшалармен жазулар жазылды. Онан соң олар кептіріліп, арнайы пештерде күй-дірілді. Міне, осылайша қыш кітаптар дүниеге келді.
Ерте кезде кітап тас бетіне де қашалып жазылды. Адамдар өздерінің көргендерін, білгендерін тас-тардың бетіне қашап жазып, суреттерде салып отырған.
Ежелгі Мысырда «папирус» деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға аралып жасалды. Міне, осылайша «Орама кітаптар» шықты. (Кіші Азиядағы Пергам патшалығы-ның шеберлері жасаған)
Ертеде адамдар жазуды әр түрлі аңдардың терісіне жазған. Ол үшін теріні жуып тазалап, илеп, кептіріп содан соң жазулар жазған. Осылайша пергемент кітатар дүниеге келді.
Қағаздан жасалған кітапта тұңғыш рет Қытайдан шықты.
Кітаптың іші әдемі суреттермен көркемделіп, мұқабалары алтынмен, күміспен және басқа бағалы заттармен әшекейленіп жасалды.
Кітап басудың үлгісін ХІ ғасырда Қытай өнерпазы Би шэн, ХV ғасырда неміс шебері Иоганн Гутенберг ойлап тапты.
Кітап шығару оңай шаруа емес. Ол үшін қаншама адамның маңдай тері төгіледі. Оған жұмысшы-ның да, ақынның, жазушының да, суретшінің де еңбегі сіңеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет