1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөлу.
«Сандар сөйлейді»
1 топ «Бүтін сан»
2 топ «Натурал сан»
3 топ «Рационал сандар» бойынша топтарға жіктеу.
Өткен тақырып бойынша сұрақтар:Өткен сабақты қайталау мақсатында «Микрофон» әдісін қолданамын. «микрофон » әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында сұрақ қойып екі сабақтың байланыс көпірі ретінде қолданамын.
1. Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту үшін.......................
2.Санды 0-ге көбейткенде ........
3.Екі теріс санды көбейткенде ................
4.Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды .......... сандар деп атайды.
5.Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін..........
6.Натурал санды бөлшекке бөлу немесе бөлшекті натурал санға бөлу үшін.........
7.Теріс санды 0-ге көбейткенде....
8. Рационал сандарды қосу үшін...
9. Рационал сандарды азайту үшін...
10.Оң санды 0-ге көбейткенде...
Қалыптастырушы бағалау: "Үш шапалақ" әдісі арқылы оқушылар жауаптарына қарай бірін-бірі бағалайды.Егер жауап толық болмаса шапалақ саны азаяды.