4- оқушы Асанәлі
Желтоқсанда.
Алматыда, Ақ қарда
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жатқан.
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Кім көріпті о заманда,бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде-үрей бәрі ұялады,
Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман.
Бұрын көктің көкірегін тілгілеп,
Найзағайлар от билігін тұр билеп,
Ақ боранда құтырады ит деуші еді,
Алматының иттері ұлып, үрді кеп.
5- оқушы Ұлжалғас
Желтоқсанда шындақ жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
Уақытымның талабында дөп келсе де ұраның.
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
"Нашақор" деп, "маскүнем" деп айыпталдың, ұланым!
6- оқушы
Жанымыз жомарт қазақпыз.
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
Желтоқсан-сен еркіндіктің ұраны,
Желтоқсан-сен азаттықтың жыр-әні.
Ұмытпайды сені мәңгі ұланың,
Желтоқсан-болашағы елімнің.
Өгей қозы біз болдық елімізге,
Келімсектер шықты ғой төбемізге...
Күңірену, айқайдан құлақ тұнды,
Көзге жас ап аналар жылап тұрды.
7 оқушы
Бұл тарих шындықтарды електейді,
Десең дағы керексіз, керек мейлі.
"Желтоқсан" деген сөзді естігенде
Көз алдыңда сол күндер елестейді.
Көлдей жасын көп төккен қазақ үшін,
Ұмыта алман, Желтоқсан, азап үшін.
Қанымен қыршынының тарихта енген
Шындықты айтар күніміз келді бүгін.
Естен кетпес аяусыз ұрғандары,
Қазаққа неше айла құрғандары.
Қайрат сында елімнің ұл-қыздары
Желтоқсанның кезіндегі құрбандары.
8- оқушы
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет дүлей маусымнан
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің ,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы
Достарыңызбен бөлісу: |