Сабақтың тақырыбы : «Тәуелсіздік тұғырым»



бет1/8
Дата22.12.2023
өлшемі82 Kb.
#142500
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тәуелсіздік тұғырым атты ашық тәрбие сағаты


Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»
Сабақтың эпигрофы:
«Өзіңдікі - Елің де,
Өзіңдікі - Жерің де,
Өзіңді өзің еткен бақ -
Тәуелсіздік - төріңде!
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Отанын сүюге баулу, патриоттық тәрбие беру
Өлеңді мәнерлеп оқуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі: Әдеби - музыкалық бағдарлама.
Сабақтың әдіс тәсілі:
Сұрақ – жауап әдісі, өлеңдер оқу, ән айту.
Көрнекілігі:
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
... Күрделі кезеңнің күйбеңімен жүріп,
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының
тарихи маңызын толық дәрежеде
бағалап үлгерген жоқпыз.
(“Ғасырлар тоғысында” кітабынан)

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.


Мұғалім: Баяндама
Құрметті Ұстаздар , ата – аналар мен оқушылар!
Сіздерді сан ғасыр бұрын бабаларымыз аңсап өткен қасиетті де, қастерлі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
1986 жылғы Алматыдағы шерулер мен наразылық жиындар Шымкент, Талдықорған, Сарыөзек, Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Талғар, Өскемен, Семей, тағы да басқа калаларда болды. Желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасы жетілген жаңа ірі қайсар буынның келгенін әйгіледі, шын мәнінде қайта құрудың алғашқы сынағы болды. Қазақ Республикасының 70 жыл уақыт аясында Орталықтың әкімші саясатынан іште періш боп қатқан ашу ызасы тұңғыш рет осы буынның мінезі арқылы сыртқа шықты және бұл қайта құру кезеңінің ұранына сай бүкіл Кеңес одағындағы жаңа демократиялық қозғалыстың басы болды. Оқиға нәтижесінде 8500 адам заңсыз ұсталып, 1722 кісі ауыр және жеңіл жарақат алса, 778 адам комсомол қатарынан шығарылып, 271 адам өз жұмыс орындарынан қуылды Бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге жатқызып қорлады, әйелдерді бұрымынан сүйреп, өлімше етіп соққылады. Тұтқындарды қызып тұрған радиаторға байлап жазалады. Үсірік атқан суықта мұздай су шашты. Өзге ұлт өкілдерін қазақ жастарының ереуіліне қарсы қойды. Өмір-өзен, толқындары сол кезден бізді алыстатып, бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол сол үш күнде дүниені дүр сілкіндірген Қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет! Арада қаншама жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алаған еліміздің көкшіл жалауы желбіреп биіктей түсті. Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді.
Қайраттай қайратты жастың қанымен,
Ерболдай ердің ерлігімен,
Ләззаттай албырт арулардың үнімен,
Ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді!
1991 жылы 16-шы желтоқсанда Қазақстан Республикасын тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады. 1991 жылдың 17- желтоқсанында Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «1986 жылы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, жазықсыз жазаланған жастарды ақтау туралы» жарлыққа қол қойды. Осы күннен бастап 17- желтоқсан «Демократиялық жаңару күні» ретінде күнтізбеге енді Міне содан бері биыл 19 жыл көлемінде өз алдына желбіреген көк Туы астында бейбіт өмір сүріп жатқан елміз. Қазіргі күні көптеген мемлекеттерде елшіліктеріміз құрылған . Сондай – ақ дүние жүзіндегі әр түрлі халықаралық қоғамдастықтарға, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданып, экономика, саясат , спорт, мәдени қарым – қатынастарда еліміздің өз орны, ықпалы бар екенін байқатып келеміз.
Еуропа мен Солтүстік Америкадағы, Орталық Азия мен Кавказдағы 56 елді біріктіріп отырған Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастығы Ұйымы 2010 жылдың желтоқсан айының 1-2 жұлдызында Астана қаласында бас қосты. Екі күндік саммитке 38 елдің президенттері мен үкімет басшылары, 7 елдің вице – премьерлері, 14 мемлекеттің сыртқы істер министлері және 60- тан астам халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен ЕҚЫҰ-ның серіктес мемлекеттерінің өкілдері келді. Қазір төрткүл дүние Астанаға көз тігіп отыр.
Азаттықты , бостандықты аңсаған қазақ жастарын қазірде іні- қарындастары жоғары бағалап , ерліктерін санасына сақтап, жадына жаттап өсуде.
Жалындаған жастық шақтарын еліміздің ұлттық намысына ту ғып байлап берген аға- әпкелеріміздің рухына бас иіп бір сәт еске алайық! Рахмет!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет