9- оқушы Нағашбек «Өзіңдікі - Елің де, Өзіңдікі - Жерің де, Өзіңді өзің еткен бақ - Тәуелсіздік - төріңде! 1- Диана Құлан да болған бұл жерде, Бұлан да болған бұл жерде Құлан мен бұлан болмастай, Лаң да болған бұл жерде 2 Ауыл да болған бұл жерде Қауым да болған бұл жерде Ауыл мен қауым қалмастай Дауыл да болған бұл жерде 3 Базарлар болған бұл жерде Мазарлар болған бұл жерде Халықтың көрген түсіндей Хазарлар болған бұл жерде!
4 Ғұндар да көшкен бұл жерде Құмдар да көшкен бұл жерде Қуанышпенен сыйыспай Мұңдар да көшкен бұл жерде 5 Тоғайың көшкен бұл жерден Ноғайың көшкен бұл жерден Ноғайдың орнын сипалап Ағайын көшкен бұл жерден 6 Шаңдағың көшкен бұл жерден Қаңбағың көшкен бұл жерден Қаңбақты қуып шаңдатып Қалмағың көшкен бұл жерден 7 Күмбез де болған бұл жерде Мың кез де болған бұл жерде Күмбезді мың көз өртеген Бір кездер болған бұл жерде 8 Азабың қалған бұл жерде, Әз әнің қалған бұл жерде Азабын қосып әз әнге, Қазағың қалған бұл жерде
9 Нұрбақыт Мен де қазақпын жаралған сүйек еттен, Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен . Халқымның қарапайым бір ұлымын, Жанымды арым үшін құрбан еткен. 2- жүргізуші Бар үмітін көкейінде сақтаған, Елімменен қуанамын, мақтанам Қиындықпен жеткен талай жеңіске, Тәуелсіздік шежіресін ақтарам, - деп келесі кезекті Тәуелсіздік жылдар шежіресіне береміз. оқушы Диана
1991 жылғы желтоқсанның бірінде Қазақстанның Елбасшысын – Президентін сайлау болды. Оның қорытындысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президент болып сайланды. Тұңғыш Президентті Тәуелсіз қазақстанның күрделі де түбегейлі істері күтіп тұрды.
2- оқушы 1991 жылы қазан айының бас кезінде Қазақстан Республикасында тағы да бір үлкен оқиға болды. Қазақ халқының батыр ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шегіп, жерге аман есен оралды.