Сабақтың тақырыбы: №1, 2



Дата07.01.2022
өлшемі70,5 Kb.
#20186
түріСабақ
Байланысты:
1-2 сабақ


Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

__________К.Сарсенова


Сабақтың тақырыбы: №1, 2

Кіріспе.Қазіргі заманғы физиканың рөлі.Физикалық шамалардың қателіктері.Өлшеу нәтижесін өңдеу. Сапалық және мәтінді есеп шығару



Оқытушының аты-жөні:

Тулепбаева Аяжан Валериевна




Құрманғазы аграрлы техникалық колледжі

Топ: 1 курс №45,46,47


Қатысқан студенттер саны:


Қатыспаған студенттер саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

10.1.1.1 - қазіргі замандағы физиканың рөлі туралы пікір айту және өз ойын дәйектеу;

10.1.2.1- жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;

10.1.2.2- тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау.


Бағалау критерийі

1.Қазіргі заманғы физиканың ролі туралы пікірін айтады және өз пікірін дәлелдейді;

2.Тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтайды;



Тілдік құзіреттілік

Физикалық шамаларды өлшеу, қателіктерді анықтау

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, өлшеулер жүргізу, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика


Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Студенттерді кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Түйінді шешу» түйінді ешу арқылы сабақтағы қиындықтарды шешудің жеңіл екендігін түсінеді.

Студенттерді түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.



1-топ:

«Бақыт» вагоны



2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны



3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны




Жаңа білім

минут



Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)



Оқулық,


мәтіндер.

Ортасы



Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Түсіндіру.

Топтық, жеке жұмыс жүргізу.

Дәптермен жұмыс.

Қазіргі замандағы физиканың рөлі

Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Кеңістіктегі белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп атайды.

Бізді қоршаған ортаны табиғат дейміз. Бұған су мен ауа, дыбыс, жарық пен радиотолқындар, жұлдыздар мен кометалар, планета мен галактика т. б. жатады.

Физика - табиғат туралы ғылым. Бірақ табиғатта көптеген алуан түрлі өзгерістер немесе құбылыстар болады. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстары делінеді.

Физикалық құбылыстарға жататындар:

1) механикалық құбылыстар (мысалы, ұшақтар мен автомобильдердің қозғалысы, маятниктердің тербелісі мен құбыр бойынша сұйықтықтардың ағысы, Жердің Күн айналасында және орбиталық станциялардың Жер айналасында айналуы);

2) электрлік құбылыстар (мысалы, электрленген денелердің тартылуы мен тебілуі, электр тогы және т.б.);

3) магниттік құбылыстар (мысалы, магниттердің темірге әсері, токтардың магниттік өзара әрекеті, Жердің компас тіліне әсері және т.б.);

4) оптикалық құбылыстар (жарықтың әр түрлі орталарда таралуы, айналардан жарықтың шағылуы, әр түрлі жарық көздерінің жарық шығаруы және т.б.);

5) жылу құбылыстары (мұздың еруі, судың қайнауы, қардың түзілуі, металдардың жылулық ұлғаюы, электрлік жылытқыш аспаптардың әрекеті және т.б.);

6) атомдық құбылыстар (мысалы, атом бомбаларының жарылысы мен жұлдыздардың қойнауындағы болатын процестер және т.б.)

Табиғатты зерттеумен тек физика ғана айналыспайды, басқа да ғылымдар бар, мысалы, география, биология, химия. Әрбір ғылымның өз мақсаттары мен табиғатты зерттеу тәсілдері бар. Физиканы оқып үйрену арқылы сендер біртіндеп бір ғылымның екінші ғылымнан немен ерекшеленетінін және сонымен бірге олар өзара қалай тығыз байланыста екенін білесіңдер. Табиғат туралы ғылым өте ертеде пайда болған. Табиғатта байқалатын құбылыстарды түсіндіруге бірінші болып ежелгі Қытай, Үнді және көне Грек ғалымдары талпыныс жасаған. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Аристотельдің шығармаларында "физика" деген сөз ("фюзис" - табиғат деген грек сөзінен алынған) кездеседі. Бұл сөзді XVIII ғасырда алғаш рет Ресейде неміс тілінен орыс тіліне физика оқулығын аударғанда М. В. Ломоносов енгізген. Қазіргі уақытта табиғатты зерттеу әр түрлі елдер мен халықтардың көптеген ғалымдарының табанды еңбек етуін талап етеді. Олардың бірлескен жұмыстары адамзат баласына қоршаған әлемдегі заңдар мен құбылыстарды зерттеуде ілгері жылжуға мүмкіндік береді және қоғам прогресін қамтамасыз етеді.
Өлшеу процедурасы келесі кезеңдерден тұрады: өлшеу объектісінің үлгісін таңдау, өлшеу тәсілін таңдау, ӨЖ таңдау, нәтиже алу үшін тәжірибе жүргізу. Бұл өлшеу нәтижесі өлшенетін шаманың нақты мәні өлшеу қателігі деп аталатын қандай да бір шамаға өзгеретініне әкеп соғады. Өлшенетін шама анықталып, оның нақты мәннен ауытқуы мүмкін дәрежесі анықталған болса өлшеу аяқталды деп есептеуге болады.

Өлшеу құралы үшін γотн шкаланың берілген нүктесіндегі қателікті сипаттайды, ол өлшенетін шама мәніне тәуелді және құрал шкаласының ең кіші мәніне ие.

Кездейсоқ қателік – бір шаманы бірнеше рет өлшегенде кездесетін кездейсоқ түрде өзгеретін қателіктер. Мұндай қателіктер өзінің жасалуымен қатар объективті және субъективті факторларға негізделген және ешқандай заңдылыққа жүгінбейді. Кездейсоқ қателіктер бірдей жағдайда бірдей өлшеу құрылғыларымен жасалған жеке өлшемдерде ажыратылады. Кездейсоқ қателіктерді жоя алмаймыз, олар әрбір өлшеу нәтижесінде әр түрлі болады. Тек олардың мәнін есептеуге болады.

Кездейсоқ қателіктер ықтималдылық теориясына негізделген қателіктер теориясы заңдарымен анықталады.



Жүйелік қателік – бұл бір шаманы бірнеше рет өлшегенде тұрақты немесе белгілі заң бойынша өзгеретін қателік. Оның ерекшелігі – олар алдын-ала болжанып, табылады және осыған байланысты толығымен жойыла алады.

Жүйелік қателіктің мысалы ретінде табақшалы таразыда дәл емес тастардың көмегімен өлшенетін жағдайды қарастырайық. Егер бізбен алынған тастар 0,1 г –дай қателікке ие болса, онда дененің салмағы (1000 г болсын) осы шамаға артығырақ (немесе кем) болады, және осы қателікті ескере отырып, дұрыс шешім алу үшін алынған салмаққа 0,1 г қосу (немесе одан алып тастау) керек, Р=(1000±0,1) г.



Абсолюттік қателік – бұл өлшенетін шаманың нақты мәнінен өзгешелігі:

 


 

∆= х - a,

мұнда х – өлшеу нәтижесі; а – нақты мәні.

Салыстырмалы қателік – бұл абсолютті қателіктің өлшенетін шаманың нақты мәніне қатынасы:

δx-өлшеудің абсолюттік қателігі; x – шаманың нақты немесе өлшенген мәні.

 

Айнымалы –  өзгеретін, уақыт өте келе немесе белгілі бір жағдайда ұлғаюға немесе кішіреюге бейім тұратын нәрсе.

Айнымалы бірнеше түрге бөлінеді:
     ​Тәуелсіз айнымалы –  тәжірибе жасаушы өзгертетін айны малы. Тәжірибеде – тәуелді айнымалыға (айнымалыларға) тигізетін әсерін бақылауға болатындай етіп әдейі өзгертілетін кез келген айнымалы.
     ​Тәуелді айнымалы – тәуелсіз айнымалыны енгізгенде, оған жауап ретінде өзгеретін фактор, яғни тәуелсіз айнымалыны немесе айнымалыларды өзгертудің нәтижесі оның мәні болады.
     ​Қадағаланатын айнымалы –  тәжірибе жасау барысында өзгермеуі тиіс шарттар.

Тәжірибе жасау кезінде зерттеліп отырған нысандағы өзгерістерге (тәуелді айнымалы) қол жеткізу үшін өзгертілуі қажет айнымалыны тәуелсіз айнымалыдеп атайды.



Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


Топтық жұмысқа арналған ресурстар


Бағалау

Кері байланыс


Ресторан әдісі



  1. Мен тағы.. тапсырыс берер едім

  2. Маған бәрінен ұнағаны...

  3. Менің асқазаным қорытты...

  4. Келесіде маған... қосыңызшы

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып береді.



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілетіжоғары

студенттерге тапсырманы

күрделендірудіқалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Студенттердің

үйренгенінтексеруді

қалайжоспарлайсыз?

Пəнаралықбайланыс

Қауіпсіздікжəнееңбекті

қорғауережелері

АКТ-менбайланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгін студенттер

не білді?

Сыныптағы ахуал

Қандай болды?

Мен жоспарлаған

Саралау шаралары

тиімді болдыма?

Мен берілген

уақытішінде

үлгердімбе? Мен

өзжоспарыма

қандайтүзетулер

енгіздімжəне

неліктен?





Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетінсұрақтарғажауапберіңіз.

Қорытындыбағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге не көмектесетінін білдім?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет