Сабақтың тақырыбы: №1 лабораториялық жұмыс. Word редакторы терезесінің стандартты элементтері



бет5/5
Дата31.12.2021
өлшемі67 Kb.
#23114
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-13357

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тапсырмалар

1.Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз да, алдыңғы сабақта теріп, сақтап қойған құжатынызды оқыңыз.Егер ол жоқ болса, Қазақстан Әнұранын теріп жазыңыз.

2. Осы құжаттың бірінші абзацын қызыл, екіншісін көк, үшіншісін сары сызықпен қоршаңыз да, олардың ішін сәйкесінше сары, көк, қызыл түстерге бояңыз.

3. Сызық пен бояу түстерін өзіңізге ұнайтындай етіп өзгертіңіз.

Сызықтарды үзік сызық түріне ауыстырыңыз.

4.Жиектеме мен мәтіннің ара қашықтығының өте аз, өте үлкен

шамаларын анықтаңыз.


  1. Мәтіннің бірінші бетін жұлдызшалармен қоршаңыз, суреттің өзіңізге ұнайтын басқа түріне өзгертіңіз де, құжатты сақтап жазып қойыңыз.

  2. Жаңа құжат құрыңыз. Абай Құнанбаевтың өзіңізге ұнайтын кез келген бір өлеңін теріп жазыңыз (4 куплеттен артық болсын).

  3. Осы өленді төрт бағанаға бөліңіз.Төрт бағананың да ендерін кішірейтіңіз де болған өзгерісті баяңдаңыз.

  4. Төрт бағананы екі бағанаға келтіріңіз.Ортасына жаңа бағана қосыңыз да, үшеу жасаңыз.Үш бағананы бір бетке орналастырыңыз.Екінші бағана бос болғандықтан, соңғы бағанадағы шумақты екіншіге көшіріңіз.

  5. Үшінші бағананы өшіріңіз, ортақ тақырыпқа «Абай Құнанбаев» деп және өлеңнің атын жазыңыз.Тақырыпты әртүрлі форматтау параметрлерін қолданып, көркемдеңіз.Екі бағанының ара қашықтығын анықтаңыз, қажет болса өзгертіңіз.

10.Бағана шекараларын экранда көрсетіңіз де, қайта алып тастаңыз.

11.Өленді Абай деген атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап

қойыңыз.

12.Менің құжаттарым бумасындағы Абай файлын қайта ашып қойыңыз.

13. Өлеңнің әр шумағын биәріптен бастаңыз.Биәріптің орналасу орнын, мәтіннен ара қашықтығын, жолдағы биіктігін өзгертіңіз де болған өзгерістерді түсіндіріңіз.Қалаған биәріптерді қалдырып, қалғандарын алып тастаңыз.

14. Өлендегі мәтін әріптерінің регистрлерін ауыстырып қосып, болған өзгерістерді баяндаңыз.

15. Осы құжатыңызды автоматты түрде форматтаңыз.Қандай өзгерістер болды?

16.Автоформаттау кезінде болатын өзгерістерді қолданып көріңіз.

Өленнің шумақтарының қаріп түрлерін жұлдызшаның және астын сызу белгілерінің көмегімен өзгертіңіз.

17. Әр шумақты әртүрлі шекара сызықтарымен бөліңіз.

18. Осы өлеңнің бір шумағын өзіңізге ұнайтындай етіп форматтаңыз да, стиль құрып, оны басқа шумақтарға пайдаланыңыз.

19. Құжатқа қолдануға болатын кітапханалар стилінің түрлерін

анықтаңыз.

20.Жаңа құжат құрыңыз да, оған компьютерде сақтаулы тұрған кез келген құжаттың көшірмесін қондырыңыз (құжат бірнеше бөлімнен құралған болсын).

21. Құжатты беттерге бөліңіз.Бет нөмерлерінің әртүрлі форматын

пайдаланыңыз. Бет нөмерінің орналасу орнын өзгерте отырып

болған өзгерістерге сипаттама беріңіз.

22. Бірінші бетті 3-тен бастап нөмерлеңіз.Екінші бөлімді 10-нан бастап нөмерлеңіз.



23. Кезекпен әр бөлімдегі нөмерлерді өшіріңіз.Көшірмесін алған құжатқа ешқандай өзгеріс болмағанына көзіңізді жеткізген соң, пайдаланған файлыңызды Сілтеуіш терезесінде Қоржынға салыңыз.
IV. Сабақты пысықтау.

V. Оқушыларды бағалау.

VI. Үйге тапсырма.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет