Сабақтың тақырыбы: №1 лабораториялық жұмыс. Word редакторы терезесінің стандартты элементтері



бет1/5
Дата31.12.2021
өлшемі67 Kb.
#23114
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-13357


Бакытжан Кошенов Қарқаралы ауданы Аппаз ауылы №18 орта мектеп

№2.10 Сыныбы ___ Күні_____
Сабақтың тақырыбы: № 1 лабораториялық жұмыс.

WORD редакторы терезесінің стандартты элементтері
Сабақтың мақсаты: Мақсаты:

  • Word мәтіндік редакторын іске қосу;

  • оның терезесінің стандартты элементтерімен жұмыс жасау;

  • жаңа құжат құру;

  • бұрын сақталып тұрған құжатты ашу;

  • құжатты сақтау әрекеттерін орындау үйрену.

  • Word мәтіндік редакторымен дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірме қағаздар

Сабақтың типі: Практикалық сабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тапсырмалар

  1. Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз да, меню қатарының көмегімен бұрын сақтаулы тұрған құжатты ашыңыз (Ол құжаттың алдында белгісі немесе файл атының типі doc болуы керек).

    1. Терезенің стандартты элементтерімен танысыңыз және ашылған құжаттың неше беттен тұратынын, басқа да осы құжатқа байланысты мәлеметтерді қалып-күй қатарынан анықтаңыз.Дәл осы мәліметтерді Сервис – Статистика командаларының көмегімен орындауға болатынына көз жеткізіңіз.

    2. Мәтін соңына екі жол сөз қосып, файлды Файл – Сохранить как... командасы көмегімен МЕН деген атпен сақтаңыз.

    3. Мәтінді Кәдімгі режимнен Электрондық құжат, Құрылым, Бетті белгілеу, режимдеріне ауыстырыңыз, қандай өзгерістер болғанын түсіндіріңіз.

    4. Саймандар панелінің барлық батырмаларын алып тастаңыз, сонан кейін Стандартты және Форматтау тобының батырмаларын іске қосыңыз, қандай өзгерістер болғанын айтып беріңіз.

    5. Терезедегі көлденең және тік белдеулерді алып тастаңыз және қайта экранға шығарыңыз.

    6. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы басқару батырмалары арқылы мәтінді кішірейтіңіз, үлкейтіңіз, жасырып қойыңыз, қайта қалпына келтіріңіз.Болған өзгерістерді түсіндіріңіз.

    7. Ашылып тұрған құжат терезесін жабыңыз, сонан кейін Word программасынан шығыңыз.

  2. Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз да, Абай Құнанбаевтың бір өленінің үш шумағын жазып шығыңыз.

2.1. Сол мәтінді АБАЙ деген атпен дискіге жазып сақтап қойыңыз.

2.2. Көлденең белдеу арқылы бірінші шумақтың алдынан 2 см, екінші шумақтың алдынан 3 см, ал үшіншісінің алдынан 2 см бос орын қалатындай етіп өзгертіңіз.

2.3. Мәтіннің көрсетілу масштабын Вид – Масштаб командасы арқылы 75 , сонан кейін 100 етіп өзгертіңіз.Сол команданы орындау барысында Произвольный деген өрісті тышқанмен шертіп, оған 110 санын енгізіңіз.Қандай өзгерістер болғанын түсіндіріңіз.

2.4. Мәтінді тағы да дискет бейнесі тұрған батырма арқылы қайталап дискіге жазыңыз.

2.5. Файл – Құру командасы арқылы терезедегі Кәдімгі (Обычный) сөзін, онан кейін ОК батырмаларын таңдап, жаңа терезе ашыңыз да Мұқағали Мақатаевтың мынадай бір шумақ өлеңін жазып шығыңыз:

Көзің қайда көшеден мені іздеген,

Сөзің қайда екеуміз егіз деген?

Терезеңнің алдына келіп тұрмын

Кептердей қысты күні жем іздеген.

2.6. Бұл мәтінді Мои документы бумасынан тысқары С: дискінің түбіріне Махаббат деген атпен сақтаңыз.

2.7. Бұл терезеден бұрынғы Абай терезесіне Окно командасы арқылы көшіңіз де, мұны да дискіге жазып, Word редакторынан шығыңыз.


  1. Word мәтіндік редакторын үш-төрт түрлі тәсілмен іске қосуға болатынын көрсету керек.Ол үшін мынадай іс-әрекеттерді орындау қажет:

    1. Басты менюдің (Пуск батырмасы) Программы командасы арқылы Word редакторын жүктеңіз де, ашылған терезеге өз өмірбаяныңызды қысқаша түрде жазып қойыңыз.

    2. Терілген мәтінді Биография деген атпен Файл – Сақтау командасы арқылы дискіге жазып қойыңыз.

    3. Биография терезесін жабыңыз, сонан соң Word редакторынан шығыңыз.

    4. Басты менюдің Документы – Биография қатарлары арқылы Word редакторын және бірден өз өмірбаяныңзды жүктеңіз де, ашылған мәтін соңына өз есіміңіз бен әкеңіздің атын жазып шығыңыз.

    5. Толықтырылған мәтінді Сақтау батырмасын шерту жолымен дискіге жазып қойыңыз да, саймандар тақтасындағы әр батырманың оң жақ төменгі бұрышына курсорды орналастырып, олардың атқаратын қызметін мәтін түрінде экранға шығарып танысыңыз.

    6. Word редакторын оң жақ жоғарғы бұрыштағы батырма комегімен жауып одан шығып кеіңіз.

    7. Жұмыс үстелінде Проводник программасы терезесін ашыңыз да, біртіндеп ProgramFiles – MicrocoftOffice – Winword бумасы ішіндегі Winword қосымша программа файлында тышқанды екі рет шертіңіз.

    8. Word редакторына қайта кірген соң, өмірбаяныңздың соңына немесе арасына тағы бірнеше жол мәтін енгізіңіз де, оны қайта сақтап жұмысты аяқтаңыз.

  2. Word редакторын жүктеп, ашылған терезеге Қазақстан Республикасының Гимнінің бір шумағын теріп жазыңыз да, оны файл ретінде Менің құжаттарым бумасына Гимн деген атпен сақтаңыз.

    1. Мәтін жазылған терезені кішірейтіңіз, жасырып қойыңыз, қайта қалпына келтіріп оның көлемін өзгертіңіз.

    2. Alt + F4 пернелерін басыңыз, қандай әрекет атқарылғанын түсіндіріңіз.

    3. Word редакторына Пуск – Документы – Гимн қатарлары арқылы кіріңіз.

    4. Терезе ашылып, оған Гимн мәтінді шыққаннан кейін оған қайырмасын қосыңыз да, Сақтау батырмасы арқылы толықтырылған мәтінді дискіге жазаңыз.

    5. Саймандар тақтасындағы батырмасының қызметін айтып беріңіз, оны қалай анықтадыңыз.

    6. Файл менюінің қандай командаларын саймандар тақтасындағы батырмалар қайталайтынын анықтаңыз.

    7. Word редакторынан шығыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет