Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» 3 -топ «Қызыл кәмпиттер» Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би
Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Сақина салмақ ойыны» Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?
Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
10 минут
Қолдану Практикалық жұмысты орындау барысы:
Химия кабинетiндегi қауiпсiздiк техникасынын негiзгi ережелерi:
Лабораторияда және кабинетте тек химия пәнінің мұғалімі бар кезде әрі оның рұқсатын алып жұмыс істеу керек.
Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен танысып, әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек.
Химиялық лаборатория мен кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: алғашқы көмек көрсететін қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім өртті сөндіретін жамылғыш пен құм салғыш ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің, т.б. тұрған жерін дәл біліп алу керек.
Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқкиімінің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.
Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек.
Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған затың дәл сол ма айқындап алған жөн.
Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көруің керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім мен лаборант көрсетіп береді.
Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
Артық алынған реактивтің қалғанын таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Лабораторияда және кабинетте тек таза зат пен таза ыдыстарды қолданатынын үнемі есте ұстаған жөн.
Тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл мөлшерде және аз етіп алыңдар. Реактивтерді үнемді қолдана білу керек.
Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.
Реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылап шаю керек. Содан кейін барып тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі.
Лабораторияда немесе кабинетте орынсыз жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер.
Мұғалімнің рұқсатынсыз таныс емес затты алып пайдалануға болмайды.
Жұмыс соңында қолданылған құрал-жабдықтарды, реактивтерді, қыздырғыш құралдарды өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғаліммен немесе лаборантпен келісіп алып, аластау керек.
Химиялық лабораториядан немесе кабинеттен шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды және электр қыздырғыш торды өшіргендігіңе, т.т. көз жеткізу қажет.
Газ жанарғысын, спиртшамды және электр қыздырғыштарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, соларды бұлжытпай орындау керек. Олармен жұмыс істеуді мұғалімнің немесе лаборанттың көмегімен игерген дұрыс.
Ең бастысы өзің білмесең не күмәндансаң, мұғалімнен сұрап алу қажет