Сабақтың тақырыбы 1-сабақ. Өзім туралы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


Кері байланыс. «Білім гүлі» әдісі



бет15/52
Дата14.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#114866
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
Қазақ тілі 2-сынып кмж жаңа

Кері байланыс. «Білім гүлі» әдісі.
Көк гүл – қызықты болды.
Сары гүл – жақсы түсінбедім. Қызыл гүл – іздену керек.






әртүрлі гүлдер



Бөлім

МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

12-сабақ. Менің ең жақын досым

Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерін қолдану;
2.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша/жазбаша түрде қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады: сөз тіркестерін қолданады, заттың іс-қимылын білдіретін сөздерді орынды қолданады.
Оқушылардың көбі жасай алады: өлеңді оқып, сөз тіркестерін қолданып, досын сипаттап береді.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: мәтін құрауда заттың іс-қимылын білдіретін сөздерді орынды қолданады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Қуырмаш» ойыны арқылы саусақтарын санайды. Барлық бес саусақ бір қолға біріккендей,
туыстардың бірге тұруы «отбасы» болып табылатынын түсіндіреді.

Оқушылар мұғаліммен бірге санайды. Отбасы мүшелерін айтқан кезде, сол саусақ басына отбасы мүшелерін бейнелейтін
суреттер жапсырып, қимыл қосып орындайды.

ҚБ: Тамаша!

интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы (35
мин)

Жаңа сөздер: ғажайып, құлақ тосу, аласа бойлы, ұзын бойлы.

Жаңа сөздерді қайталайды.













1-тапсырма. Оқиық.
Досың туралы айт.
Үлгі: Менің досым ұзын бойлы, ... .
Дәптердегі №1 тапсырма. 2-тапсырма. Тыңдайық.
Менің достарым: Арлан, Бағлан, Гүлнұр, Айман. Олар – сенімді достар. Арлан велосипед тебеді. Бағлан футбол ойнайды. Гүлнұр сурет салады.
Айман коньки тебеді.



  • Балалар не істеді?

Дәптердегі №2 тапсырма.

  1. тапсырма. Айтайық. Сұраққа жауап бер.





  1. тапсырма. Жазайық.

Сенің досың не істейді?


Өлеңді оқып, досын сипаттап береді. Досын сипаттауда жаңа сөздерді қолданады.


Дәптермен жұмыс.
Суретпен жұмыс. Балалар не істеп жатқанын айтады.


Дескриптор:

  • өлеңді түсініп оқиды;

  • досын сипаттап айтады;

  • сұраққа жауап береді.



Сергіту сәті.
Балық жүзді таза суда,
Бір керіліп, бір жиырылуда. Жүзіп, жүзіп шаршағанда, Тығылады тасты құмға. (қимылмен көрсетеді)
Дәптермен жұмыс.
Іс-әрекетті білдіретін сөздермен сөйлемдер құрап айтады.

Сурет бойынша сөйлемдер құрап жазады.




Дескриптор:

  • сурет бойынша сұраққа жауап береді;

  • сурет бойынша мәтін құрайды;

  • суреттерді пайдаланады.

ҚБ: суретті анықтау
ҚБ: «Бес саусақ» әдісі
ҚБ:

ҚБ: өзін-өзі бағалау

сюжетті сурет

суреттер, сызба






Сабақтың соңы (5 мин)

Кері байланыс. «3 таяқша» әдісі.

Бүгінгі тақырыпқа байланысты 1 сұрақ
1 жауап
1 идея




таяқша



Бөлім

МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

13-сабақ. Отбасым және достарым

Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары

2.3.4.1 мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша? не істеді?) құрастыру және оған жауап беру;
2.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады: мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, заттың санын білдіретін сөздерді қолданады.
Оқушылардың көбі жасай алады: тыңдалған мәтін бойынша сұраққа жауап береді.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: жағдаятты талдап, өз пікірін айтуда сан есімдерді қолданады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Сыныптың оқу әрекетіне мотивін тудыру.
«Доп лақтыру». Өткен сабақты пысықтау.

Шеңберде тұрып, доп лақтырады. Сұраққа жауап берсе, келесі оқушыға лақтырады.
– Досың қай спорт түрін жақсы көреді?

ҚБ: Керемет жауап!

доп, сұрақтар

Сабақтың ортасы (35 мин)

Жаңа сөздер: досы, бойы, сүйікті, татуласу.



  1. тапсырма. Тыңдайық.

Менің атым – Сапар. Әкемнің досы бар. Ол – инженер. Оның бойы ұзын, көзі көк. Әкемнің досының сүйікті спорты – футбол.

    • Сапардың әкесінің досы қандай?

Дәптердегі №1 тапсырма. 2-тапсырма. Оқиық.
Санамақты түсініп оқиды. Отбасы мүшелерін атап айтады. Өз отбасы туралы әңгімелеп
береді.

Тыңдалған мәтін бойынша сұраққа жауап
береді. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайды.
Дәптермен жұмыс.
Санамақты оқып, шешуін табады.


Дескриптор:

  • жаңа сөздермен сөйлемдер құрайды;

  • мәтін бойынша сұраққа жауап береді;

  • санамақты оқып, шешуін табады.

ҚБ өзіндік бағалау


ҚБ: мадақтау, ынталандыру


сюжетті сурет
интербелсенді тақта


1-оқиға

2-оқиға

Досыңды ренжітіп

Досың

алдың. Татуласу

ауруханада

үшін қандай сөз

жатыр.

айтасың?

Денсаулығын




қалай білесің?












Сергіту сәті.
Жаздық, жаздық өзіміз, Талды әбден көзіміз.
Әуенімен әндердің, Әдемі қимыл жасаймыз.




музыка, сергіту

3-тапсырма. Айтайық.
Мақалдың жалғасын тауып, екі топқа бөлінеді. 1-топ. Досы көпті – ...
2-топ. Доссыз өмір – ...
«Пікірлер базары».
Әрбір шағын тобы флипчартқа оқиғаға қатысты шешім тауып жазады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады.
Басқа топтар стикерлермен өздерінің комментарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін,
қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.

Топтық жұмыс.
«Пікірлер базары» әдісі арқылы топтар
жағдаятты талқылап, өз ойларын ортаға салады. Басқа топтың пікірімен санасады.

ҚБ: «Бірін-бірі бағалау» әдісі

мақалдар
флипчарт, стикер, фломастер

Дәптердегі №2 тапсырма.

Дәптермен жұмыс.







4-тапсырма. Жазайық.
Суретке қара. Үлгі бойынша бірнеше сөйлем құрап жаз.
Үлгі: Менің досым бар. Оның аты – Нұрлан. Мен оған отбасы мүшелерін таныстырдым. Олар: ..., ..., ...

Суретке қарап, әңгімелейді.


Дескриптор:

  • мәтінді мұқият оқиды;

  • оқиғалар бойынша өз ойын айтады;

  • сурет бойынша сөйлемдер құрайды.




суреттер

Сабақтың соңы (5 мин)

Кері байланыс. «Маңызды үш сұрақ» әдісі

  1. Бақытты отбасы кімдер?

  2. Досыңның отбасы қандай?

  3. Дос туралы мақал айт.




сұрақтар тұрағы




Бөлім

МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

14-сабақ. Сен не үйрендің?

Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары

2.3.4.1 мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша? не істеді?) құрастыру және оған жауап беру;
2.2.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ қою, диалогке қатысу барысында этикет сөздерді қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады: мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, жұбымен диалогке қатысады.
Оқушылардың көбі жасай алады: жұбымен диалог құрастырады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, досының қасиеттерін жазады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Доп лақтыру» өткен сабақты пысықтау.

Шеңберде тұрып, доп лақтырады. Сұраққа жауап берсе, келесі оқушыға лақтырады.

ҚБ: қолпаштау

доп, сұрақ
жазылған парақтар

Сабақтың ортасы (35 мин)

1-тапсырма. Тыңдайық.
Менің отбасым шағын. Әкем, анам, әпкем бар. Әкемнің аты – Самат. Оның мамандығы – эколог. Ал анамның аты – Ажар. Ол –
дизайнер.
Әпкем – бесінші сынып оқушысы. Оның аты – Мәдина. Ол – үздік оқушы. Әпкем маған есеп шығаруға және анама үй шаруасына
көмектеседі. Менің отбасым өте тату.

  • Қандай отбасы туралы айтылған?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет