Сабақтың тақырыбы §13. Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы. Сабақтың номері



бет3/4
Дата31.12.2021
өлшемі75,72 Kb.
#22215
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
17-18-8

Оқулықты ашындар:

Физика, 8сынып Башарұлы Р. §14, 70 бет

Оқып, тараудағы практикалық жұмысты өз бетімізше жасап дәптерге жазып аламыз


http://ust.kz/word/sabaq_jospary_termodinamikanyng_birinsi_zangy_gazdyng_jane_bydyng_jumysy_8_synyp-72678.html
Термодинамиканың бірінші заңы - жылу процестері үшін энергияның сақталу және айналу заңы болып табылады. Термодинамиканың бірінші заңы энергияның бір түрден екінші түрге айналуының бағыты мен жылудың бір денеден екінші денеге берілу бағытына ешқандай шектеу қоймайды. Ол тек тұйық жүйелердегі энергияның толық қорының сақталуын талап етеді.

Мысалы, жылу алмасу жолымен энергия өздігінен ыстық денеден анағұрлым салқын денеге өтеді, ал кері процесс өздігінен болмайды, яғни ол - қайтымсыз.

Тас құлаған кезде механикалық энергияның ішкі энергияға айналуы, вакуумдегі газдың ұлғаюы - қайтымсыз процестер. Диффузия процесі де - қайтымсыз. Мысалы, тұз немесе қант өздігінен суда ериді, бірақ олар өздігінен ерітіндіден бөліне алмайды және су тұщы бола алмайды. Табиғаттағы қайтымсыз процестерге мысал ретінде өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың тіршілігі мен даму процесін, ғаламдағы жұлдыздардың пайда болуын және сөнуін жатқыза аламыз.

Табиғаттағы барлық процестер дерлік жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді және сондықтан олар - қайтымсыз.

Термодинамиканың екінші заңы ішкі энергияның механикалық энергияға айналуына шек қояды. Бұл қоршаған ортадан алынған жылу есебінен ғана, яғни бір дененің салқындауы есебінен ғана жұмыс істейтін мәшине жасау мүмкін еместігін білдіреді. Сондықтан термодинамиканың екінші заңын былай тұжырымдайды:екінші ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.

Сонымен, термодинамиканың бірінші заңы жоқтан алынатын энергияның көмегімен жұмыс істейтін мәшиненің бар болуын жоққа шығарады. (Бірінші ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.) Ол процестің жүретінін, материяның жойылмайтынын білдіреді.



Термодинамиканың екінші заңы - бір дененің салқындауының есебінен ғана жұмыс істейтін мәшинені жасау мүмкіндігіне тыйым салады. (Екінші ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.) Ол процестің бағытын білдіреді.
Сұрақ жауап арқылы сабақты қорытындылаймыз.

  • Жылу қозғалтқыштарының қандай түрлерін білесіңдер?

  • Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

  • Жылу машиналарының проблемалары мен даму болашағы жайлы не айтасыңдар?

Термодинамика дегенді қалай түсінесің?

Термодинамика ІІ заңы жайлы не білесің?





Теориялық материалмен жұмыс





Оқулық, жұмыс дәптері


Сабақтың соңы

Рефлекция

Кері байланыс бутерброды

-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен....................... үйрендім.

-Маған........................................................қиын болып көрінді.



-Мен енді ......................................................... үйренгім келеді





Стикер






Дескрипторлар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет