-Бүгінгі сабақты меңгерген соң, Термодинамиканың бiрiншi заңы тұжырымдап, оны есептер шығаруда қолдана алатын боласыздар.
Теориялық материал
Оқулықты ашындар:
Физика, 8сынып Башарұлы Р. §13, 66 бет
http://ust.kz/word/sabaq_jospary_termodinamikanyng_birinsi_zangy_gazdyng_jane_bydyng_jumysy_8_synyp-72678.html
Оқып, тараудағы физика терминдерінің қазақ,орыс және ағылшын тілдерінің минимумын дәптерге жазып аламыз.
(2 тапсырма) Термодинамиканың І заңының математикалық өрнегі:
Q= U+A
Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясының өзгеруіне және жүйенің сыртқы денелермен істейтін жұмысына жұмсалады.
Жүйенің энергиясы өзгертетін сыртқы күштердің А жұмысы мен оған берілген Q жылудың қосындысы жүйенің ішкі энергиясының өсімшесіне тең: U=A+Q
Қысым тұрақты, ал температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесті изобаралық процесс деп атайды.
Изобаралық ұлғаю кезінде газдың сыртқы күштерге қарсы атқарған жұмысы газ қысымын оның соңғы және бастапқы көлемдерінің айырымына көбейткенге тең.
(а-сурет) изобаралық ұлғаю кезіндегі газдың жұмысын график түрінде көрсетілуі.
Изобаралық процесс үшін термодинамикнаың І заңы:
Газдың көлемі тұрақты, ал температура мен қысымы өзгеретін термодинамикалық процесті изохоралық процесс деп атайды. (ә) –сурет.
Изохоралық процесс үшін термодинамиканың І заңы:
Температура тұрақты, ал қысым мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесті изотермалық процесс деп атайды. (б) –сурет.
Изотермалық процесс үшін термодинамиканың І заңы:
Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық процесс деп атайды.
Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың І заңы:
Адаибаталық процесті графикте адиабата деп аталатын қисықпен көрсетуге болады:
Жабық пробиркадағы су қайнағанда, пробирка тығыны атылып кетуін түсіндіру барысында сабақ тақырыбына шығу және сабақ мақсатын айқындау:
Қандай құбылысты бақыладыңдар? Мұндағы құрғақ отынның жылу мөлшері қайда жұмсалды? Осы бу жұмыс жасады ма? Ендеше бігінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай деп ойлайсындар?
Жарайсыздар!
Оқушылар әр қайсысы өз түсінгендері бойынша ортаға ойларын салу арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын анықтайды.
Есепті шығар. (3 тапсырма)
№1 Газға 5 кДж жылу мөлшері берілгенде,ол 2 кДж жұмыс атқарды.Газдың ішкі энергиясы қалай өзгереді?
Берілгені: SI Формула Шешуі:
Q= 5 кДж 103 Q= U+A
A= 2 кДж 103 U= Q-A=5*103-2*103=3*103 Дж
Т/к: U-? Жауабы: U=3*103 Дж -ға өседі
№2 Газға 7 кДж жылу мөлшері берілгенде,ол 10 кДж жұмыс атқара алатындай процесс мүмкін бе?Мұндай жағдайда газдың ішкі энергиясында,температурасында нендей өзгерістер болар еді?
Берілгені: SI Формула Шешуі:
Q= 7 кДж 103 Q= U+A U= Q-A
A= 10кДж 103 U= Q-A=7*103-10*103= -3*103 Дж
Т/к: U-? Жауабы: U=3*103 Дж -ға өседі
Үйге: 3.1 жаттығудың 4 есебін шығарамыз
|