ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут) Ньютонның ІІІ заңы қалай тұжырымдалған?
Салыстырмалы принцип дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі(3 минут)
Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаңдар.
Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашу барысында Ньютон қандай болжам ұсынды?
Неліктен Айдың Жерді айналу үдеуі жерге жақын аралықтағы дененің еркін түсу үдеуінен аз болады?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо»(15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы) берілген формуланы түсіндіру
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»(13 минут)
1
Білу
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы дегеніміз не?
2
Түсіну
Бүкіл әлемдік тартылыс заңының формуласын жаз?
3
Қолдану
Массалары 2 т денелердің бір-біріне тартылыс күшін есепте? Олардың арақашықтығы 1 км.
4
Талдау
Жер бетіндегі мен жерден бірнене километр биіктіктегі еркін түсу үдеуін салыстыр?
5
Жинақтау
Суретті түсіндір
6
Бағалау
Планеталардың қозғалысында бүкіләлемдік тартылыс заңының маңызы қаншама?
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)