Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберінде тұрғызу.
Сабақтың басында мұғалім оқушылардың назарын өздеріне аударады. Психологиялық дайындық. Оқушылар бүгінгі сабақта бір-біріне өз жылу тілектерін білдіреді.
Тренинг «Жақсы қасиетім». Оқушыларды ортаға шығарып, көршілес тұрған оқушыға өзінің жақсы қасиеттерін айтады. Солай жалғасын табады. Ендеше бүгінгі өткізіліп отырған сабағымызда бір-бірімізге сәттілік тілеп, жұмысымызды бастайық.
“Иә”, “жоқ” стратегиясы.
Мақсаты: өткен сабақтағы алған білімдерін еске түсіру, кері байланыс алу.
Сұрақтар:
7 мен 3-тің көбейтіндісі 4-ке бөліне ме? (жоқ)
7 мен 3-тің көбейтіндісі 3-ке бөліне ме? (иә)
3. 16 мен 10-ның қосындысы 2-ге бөліне ме? (иә)
4. 16 мен 10-ның қосындысы 4-ке бөліне ме? (жоқ)
5. 49 бен 21-дің айырмасы 7-ге бөліне ме? (иә)
6. 99 бен 81 –дің айырмасы 9-ға бөліне ме? (иә)
|