Топқа бөлу. Зейінді шоғырландыру жаттығуы.
Шеңберде тұрып 2, 5, 10 сандарын атап шығады. Мұғалім кез келген біртаңбалы санды айтады, сонда “2” деп атаған оқушылар 2-ге арттырады, мұғалім келесі санды атағанда “5” деп атаған оқушылар 5-ке арттырады, мұғалім келесі санды атағанда “10” деп атаған оқушылар 10-ға арттырады. Оқушылар бірдей айту керек.
2, 5, 10 сандары бойынша үш топқа бөлінеді.
Оқушылармен бірігіп сабақ мақсатын анықтау:
Тақтада сандар тізбегі жазылған 6, 13, 26, 35, 47, 100, 206, 301, 405, 560, 710.
Әр топ өздерінің сандарына сәйкес бөлінетін сандарды атау керек.
“2” тобы : 6, 26, 100, 206, 560,710
“5” тобы: 35, 100, 405, 560, 710
“10” тобы: 100, 560, 710 сандарын атау керек.
Қандай сандарға бөлу орындалды?
Жауап: 2, 5, 10-ға.
Осыдан бүгінгі сабағымыздың мақсаты не деп ойлайсыңдар?
Ендеше бүгінгі сабағымызда 2, 5, 10-ға бөлінгіштік белгілерді біле отырып есептерді шығаруымыз керек.
|
Сабақтың ортасы
Топптық жұмыс
Жұптық жұмыс
|
Топтық жұмыс.
Тақырыпты оқушылар өз бетімен оқып, топта талқылайды. Әр топтан бір оқушы шығып, басқа топқа барып тыңдап, ақпарат жинақтап, өз топтарына келіп түсіндіреді. Топ басшысы шығып постерде қорғайды.
І топқа: 2-ге бөлінгіштік белгілері
ІІ топқа: 5-ке бөлінгіштік белгілері
ІІІ топқа: 10-ға бөлінгіштік белгілері
|