1.3.1.1 желідегі ақпараттың барлығы сенімді, пайдалы емес екенін түсіну.
1.3.2.1 желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушы үшін: Желідегі ақпараттың барлығы сенімді, пайдалы емес екенін түсінеді.
Көпшілік оқушылар үшін: желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну.
Кейбір оқушылар үшін: ***.Желідегі ақпараттың түрлерімен жұмыс жасайды.
Ширату тапсырмасы. «Біз де» ойыны Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек.
1. Мен өзенге бардым. «Біз де!»
2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады.
Топтастыру
«Мозаика» әдісі. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.
1-топ: «Интернет». 2-топ: «Вирус». Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
«Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.