Білімділік: оқушыларды жақсыдан жаманды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды өз – өздеріне адал болуға тәрбиелеу
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді. Оқушылар тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.
2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру(әңгімелеу) (3-5 мин)
1. №30 – сабақ. Төменде берілген сөйлемдерді өз ойларыңмен аяқтап жазыңдар.
Әділ сөйлеп, адал жүрген адамның ...
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік, өйткені ...
Әрлі болғанша, арлы бол, себебі ...
Адам болам десең, арыңды сақта, өйткені ....
2. Келесі сабақ. №31, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мәнді сөздер» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар: 1. Қандай қасиеттер адамның өмірін түзеуге көмектеседі? Неліктен?
2. Арлы адам деп қандай адамды айтамыз?
3. Ар-ұждан даусымен ӛмір сүрудің мәні неде?
4. Өзің алған адамгершілік білімдеріңді қалай жүзеге асырып жүрсің?
Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды "сенім" және «адалдық» ұғымдарын түсінуге жетелейді, сонымен қатар олардың өзара байланысын түсінуге көмектеседі.