Сабақ тың басы 5 минут
Өткенді пысықтау
5 минут
Сабақ тың ортасы 20 минут
Сергіту сәті
2 минут
Сабақты қорыту 6минут
Қосымша тапсырма
2минут
Кері байланыс
5 минут
Психологиялық ахуалды жақсарту
Өткенді пысықтау
«Жасанды дыбыс көздері» тақырыбын пысықтау
«Дыбыстап көр» ойыны
Балалар әртүрлі дыбыстарды салып көреді. Мысалы: малдың, мәшиненің, судың, адамның, желдің.....
Оларды жасанды және табиғи көздерге бөледі
Тақырыпты ашу «Тыңда» ойыны
Мұғалім әртүрлі дыбыстарды естіртіп, олардың қайдан шығып жатқанын сұрайды.
Мысалы: сағаттың сыртылы, аяқтың тарсылы, қоңыраудың сыңғыры.....
Ол дыбыстардың таралатынын, сондықтан біз оны еститінімізді түсіндіреді
Жаңа тақырып
«Кел, ойланайық» айдары
Саққұлақ қай ертегінің кейіпкері? Саққұлақ алыстан дыбысты қалай естиді?
Ж: Жерге жатып, тыңдау арқылы естиді
Жер-қатты дене, онда дыбыс тез тарайды
Оқулықпен жұмыс.
Дыбыс ауада, суда және қатты денелерде таралады. Қатты ортада дыбыс өте жылдам таралады. Таралу жағынан одан кейінгі орында сұйық заттар тұр. Ал ауада дыбыс баяуырақ таралады. Ауа жоқ жерде дыбыс мүлдем таралмайды. Дыбыстың таралуына ауа райының, желдің соғуы да әсер етеді. Дыбыс барлық бағыттарға бірдей тарайды.
ФС тапсырмасы
«Тәжірибе алаңы» әдісі
Шағын эксперимент жасау. Суы бар ыдысқа оқушыларға тастар лақтырту. Тас түскен кезде судың бетінде не пайда болатынын байқату. Судың бетінде тас түскен кезде шеңберлер қалай пайда болса, дыбыс та солай барлық жаққа бірдей қашықтықта таралатыны жайлы қорытындыға келу. Заттан шыққан дыбыс толқынға ұқсас, тас суға түскенде барлық бағыттарға бірдей толқын жайылып таралады.Теңіз немесе үлкен суларда тас лақтырғанда су қалай жайылатынын естеріне түсірту
«Дыбысты ажырат» ойыны
Аудиотаспадан жануарлар мен табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдату және олар туралы не білетінін сұрау
Бірлескен жұмыс
ЕБҚ және ЕҚБ
Тәжірибе жасап көріңдер
Бір-біріңе әуелі сыбырлап, кейін қаттырақ сөйлеп көріңдер. Арақашықтықтарыңды әртүрлі деңгейде ұстап, дыбыстап көріңдер. Дыбыстың қалай естілетінін байқап, нәтижесін айтыңдар.
ФС тапсырмасы
Жұптық жұмыс
Берілген заттарды темір қасықпен ұрып көр.
Дыбыс қалай шығады?
Зат атауы
Қатты
Бәсең
Темір
Ағаш
Пластмасса
ҚЖ:
Жеке жұмыс
Қоршаған әлем дыбыстарын түртіп ал. Алыстан, жақыннан естілетін дыбыстарды кестеге ажыратып жаз.
Дескриптор:
Дыбыстарды ажырата алады
Дыбыстардың таралатынын түсінеді
Дескриптор:
Дыбыстың таралуын тәжірибе жүзінде байқап көреді
Берілген тапсырманы дұрыс орындай алады
Керемет!
Жарайсыңдар!
Дескриптор:
Заттардың дыбысын анықтайды
Тапсырманы өмірмен байланыстыра алады
Дескриптор:
Қоршаған әлем дыбыстарын түртіп алады.
Алыстан, жақыннан естілетін дыбыстарды кестеге ажыратып жазады.
«Телефон» әдісі
суреттер
Суреттер
Сағат моделі
оқулық
оқулық
Ыдыс
Тастар
Аудиотаспа
Оқулық
Ыдыстар
Кесте
Кері байланыс парағы
Ресурстар:
Алыстан естілетін дыбыстар
Жақыннан естілетін
дыбыстар
Зат атауы
Қатты
Бәсең
Темір
Ағаш
Пластмасса
Білім беру ұйымының атауы
Пәні:
Жаратылыстану
Бөлім:
Дені саудың –жаны сау. Дыбыс
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сынып:
1 сынып
Сабақтың тақырыбы:
№34 сабақ. Дыбыстың таралуы.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
1.5.3.1 дыбыстың таралу ерекшеліктерін білу
Сабақтың мақсаты
дыбыстың таралу ерекшеліктерін біледі
Құндылықтар
Талап: Сыни және креативті ойлау
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі// уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақ тың басы 5 минут
Өткенді пысықтау
5 минут
Сабақ тың ортасы 20 минут
Сергіту сәті
2 минут
Сабақты қорыту 6минут
Қосымша тапсырма
2минут
Кері байланыс
5 минут
Психологиялық ахуалды жақсарту
Біз дыбысты тыңдаймыз,
Айғайлаймыз, шулаймыз,
Дыбыстап ән саламыз,
Дауыс шықса, барамыз.
Тыныштықты тыңдаймыз,
Жел мен судың дауысын
Домбыраға сап жырлаймыз.
Болмаса дыбыс сан алуан
Мына әлем не болмақ?!
Өткенді пысықтау
Мұғалім қосқан аудиожазбаны мұқият тыңдап, кестені толтыр. (1-кесте)
1. Күннің күркіреуі.
2. Домбыраның дыбысы.
3. Қоңыраудың сыңғыры.
4. Өзеннің ағысы.
5. Шөптің сыбдыры.
6. Ұшақтың гуілі.
Тақырыпты ашу
«Ашық микрофон» әдісі
Дыбыс түрлері және оның таралуы туралы өз ойларың мен түсініктеріңді айт
Жаңа тақырып
ФС тапсырмасы
«Тәжірибе алаңы» әдісі
Шағын эксперимент жасау.
Ортаға бір оқушыны шығару. Барлық оқушы оның алдына, ал бір оқушы сырт жағына тұрады. Оқушы «Ауу» деген дыбыс шығарады. «Дыбысты кім естіді? деген сұрақ қойылады. Оқушылар дыбысты барлық балалар естігенін айтады. Олай болса, дыбыс барлық жаққа таралады деген қорытындыға келеді
Сергіту сәті.
Көлбең, көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Мысық қалай сөйлейді?
Кім көрсете біледі?
Мысық былай сөйлейді...
Көлеңкем де біледі.
Күшік қалай үреді?
Кім көрсете біледі?
Күшік былай үреді.
Бірлескен жұмыс
ЕБҚ және ЕҚБ
Берілген суреттен табиғи және жасанды дыбыс көздерін тауып жазады. Мысалы: Құстың дауысы, балалардың күлкісі – табиғи дыбыс көздері. Мәшиненің гүрілі –жасанды дыбыс көзі т.б.
Жұптық жұмыс
«Тәжірибе жаса»
«Зерттейік» айдары
Қандай жағдайда дыбыс жақсы естіледі?
Кітапты аузыңа тақап, досыңа қарап сөйле.
• Досыңа теріс қарап тұрып сөйле.
• Досыңа қағаздан жасаған түтікше арқылы сөйле.
ҚЖ:
Саралау тапсырмасы
1-деңгей
Дыбыс көздерін ата және жаз
Ж: Жасанды және табиғи
2-деңгей:
Дыбыс көздеріне бөлек-бөлек сипаттама жаз.
3-деңгей
Дыбыстар қалай тарайтыны туралы, қай кезде жай, қай кезде қатты естілетін іс жүзінде көрсет.
Мақтап, мадақтап отыру
Дескриптор:
Әртүрлі дыбыстарды тыңдап, кестеге түсіреді
Дыбыстарды ажырата алады
«Балмұздақ» әдісі арқылы мадақтау
Дескриптор:
Дыбыстарды ажырата алады
Дыбыстардың таралатынын түсінеді
Тамаша!
Керемет!
Дескриптор:
Заттардың дыбысын анықтайды
Тапсырманы жұппен орындайды
Дескриптор:
1-деңгей
Дыбыс көздерін атайды және жазады
2-деңгей:
Дыбыс көздеріне бөлек-бөлек сипаттама жазады.
3-деңгей
Дыбыстар қалай тарайтыны туралы, қай кезде жай, қай кезде қатты естілетін іс жүзінде көрсетеді.