Жаңа сабақты түсіндіру. Теориялық және практикалық жұмыс 25 мин
Сергіту сәті
Жаңа тақырыппен таныстыру, сабақтың мақсаттарын түсіндіру; Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар таратылып беріледі. (немесе слайд та көрсетіледі)
А-деңгейі тапсырмасы 1-топ. Жеңіл автокөліктің қозғалысы Бірқалыпты 72 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан жеңіл автокөліктің әрбір 2 секундтағы жүрген жолын табу кестесін құр.
1. Жеңіл автокөліктің жылдамдығын м/с өлшемінде есепте.
2. 20 секундта жүрген жолын анықта.
3. 72 км/сағ жылдамдықпен 1 км жолды қанша уақытта жүріп өтеді?
2-топ. Жеңіл автокөліктің қозғалысы Бірқалыпты 90 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан жеңіл автокөліктің әрбір 2 секундтағы жүрген жолын табу кестесін құр.
-Жеңіл автокөліктің жылдамдығын м/с өлшемінде есепте.
20 секундта жүрген жолын анықта. 90 км/сағ жылдамдықпен 1 км жолды қанша уақытта жүріп өтеді?
Дескриптор:
қай жерде салыстырмалы, қай жерде абсолютті сілтеме қолданылатындығын түсінеді
В деңгейі тапсырмасы Тапсырма: Excel кестесінде көбейту кестесін құру.
1-топ бағандағы сандар 20-дан 30-ға дейінгі сандар, жолдағы сандар 1-9 аралығы.
2-топ бағандар саны 30-дан 40-қа дейінгі сандар, жолдағы сандар 1-9 аралығы.
Дескриптор:
абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдану жолдарын түсінеді