Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Алғыс» ойыны өткізеді. Қатысушылар бір- біріне допты немесе жұмсақ ойыншықты лақ- тырып, ризашылықтарын білдіреді.
Қатысушылар бірі-біріне допты немесе жұмсақ ойыншықты лақтырып, «Мен са- ған ... үшін ризамын» дейді.
«Кел,ойланайық!» Мұғалім сұрақтар қояды. Бұл кезеңде оқу- шылардың ұғымдары мен түсініктерін толық- тыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер арқылы адалдық пен әділдік, академиялық адалдық туралы, парыз алдында адал болу және адам өміріндегі адалдықтың мәні жөнінде ой тұжы- рымдарын жасауға бағыттайды.
«Түйін сөздер»айдарында берілген «адал- дық», «шыншылдық», «қадарлы», «шынайы- лық», «академиялық адалдық» сөздеріне «Бұл маңызды» айдарында берілген түсініктер арқылы сөздердің мағынасын ұғынуға жете- лейді.
Мәтінменжұмыс. Оқулықта берілген «Шын- шыл бала» атты корей ертегісін және Т.Құ- нанбаевтың «Әкем Абай туралы» естелігінен алынған үзінді оқытады. Балалардың қалай түсінгендерін білу үшін сұрақтар қояды. Сұ- рақтарды оқушылармен бірге талдайды. Әңгі- ме мазмұнының құндылықтық мәнін, адалдық пен шыншылдық қасиеттерінің мағынасын ашады. Ортаға пікір салу үшін «Ақпараттық сүзгі» тәсілін қолданады. Сүзгіде ойдың ең құндысы және алынған ақпараттар айтылады.