Бөлім
|
Су-тіршілік көзі
|
Педагогтің аты-жөні
|
Рамазан Перизат Жұмабайқызы
|
Күні:
|
04.12.2023 ж
|
Сынып:3
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Адамдардың ежелгі баспанасы. Ежелгі баспана түрін жасаймыз.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
3.3.1.1 Өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін арнайы терминологияларды пайдаланып таныстыру
3.1.4.1 Жұмыс орынын дұрыс ұйымдастыру және жұмыс барысын жоспарлау
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
Өткен білімді еске түсіру
3 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Кубик» әдісі
Кубикті айналдырып, онда берілген іс-қимылды қайталау арқылы жаңа сабақты көтеріңкі көңіл-күймен бастау.
«Ақиқат-жалған» әдісі
1.Алғашқы сағаттарды үш жарым мың жыл бұрын ойлап тапқан.
2. Алғашқы ойлап табылған сағат- су сағаты.
3. 4 жыл мезгілі бар.
4. Наурыз мейрамында әрбір үйге шырша қойылып, оны ойыншықтармен безендіреді.
|
Мұғаліммен амандасады.
«Кубик» әдісін орындап, жақсы көңіл-күй қалыптастырады.
Өткен білімді еске түсіру үшін «Ақиқат-жалған» әдісін орындайды.
1.Ақиқат
2. Жалған (Күн сағаты)
3. Ақиқат
4. Жалған (Жаңа жыл мейрамы)
|
Мадақтау
|
Кубик
|
Жаңа білім
10 минут
Сабақтың ортасы
20 минут
Сергіту сәті
2 минут
|
«Төрт сурет, бір сөз» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу.
-Балалар, тақтадағы суреттерге назар аударайық. Не көріп тұрмыз? Бұл суреттердегі нәрселер сендерге таныс па?
-Балалар, 4 суретке қандай тақырып қоюға болады?
-Дұрыс. Баспана.
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Адамдардың ежелгі баспанасы. Ежелгі баспана түрін жасаймыз»
Түсінік беру: Ертеде адамдар өздерін жабайы аңдар мен қолайсыз ауа райынан сақтайтын баспаналар тұрғызған. Алғашқы баспаналар үңгірлер болды, одан кейін басқа да құрылыстар бой көтерді. Ежелгі адамдар баспана жасау үшін ағаш бұтақтарын пайдаланған. Бұтақтардаң басын қосып үстін аңның терісімен жапқан. Осындай баспана күрке деп аталады. Көшпелі өмірге бейімделген баспананың жетілдірілген түрі- киіз үй. Ол көшіп қонуға ыңғайлы, қыста жылы, жазда салқын болды.
|