Сабақтың тақырыбы Адамдардың ежелгі баспанасы. Ежелгі баспана түрін жасаймыз


Киіз үйдің негізі 3 бөліктен тұрады



бет2/3
Дата01.10.2024
өлшемі110,74 Kb.
#146432
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
қмж еңбек 3 класс (копия)

Киіз үйдің негізі 3 бөліктен тұрады: үйдің сүйектері, үйдің киіздері, бау-шулары. Киіз үйді құрайтын негізгі қаңқасын «сүйегі» деп айтады. Оларға кереге, уық, шаңырақ жатады. Киіз үйдің ішін 4 бөлікке бөледі: төр, оң жақ босаға, сол жақ босаға, ошақ. Ошақ қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылып, қазанда ас әзірленеді.
«Шығармашылық шеберхана» Оқушылардың өздік жұмысы. Тапсырма: Ежелгі баспана түрін жасау
Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшымен жұмыс жасағанда абай болу.
2. Қайшымен қағазды қиғанда мұқият болу.
3. Қайшымен қағазды қиып болғаннан кейін қайшыны өзінен алшақ қою.
Жұмысқа керекті құралдар:
Ұзындығы бірдей бес жіңішке таяқша, жіңішке резеңке, ермексаз, түрлі түсті фломастерлер, түрлі түсті қағаздар, қайшы, степлер немесе кішкене түйреуіштер.
Жұмысты орындау реті:
1.Таяқшалардың жоғары жағынан 3-4 см өлшеп, резеңкемен буып қой. Оны конус пішіні шығатындай етіп орналастыр. Баспана құрылымы нық тұру үшін ішкі жағынан ермексаз жапсыр.
2. Қағазды суретте көрсетілгендей етіп бүктеп, қиып ал.
3. Әдемі өрнек ойлап тауып, онымен матаны әшекейле.
4. Құрылымды қағазбен орап, степлер немесе қысқышпен бекіт. Баспана үлгісі дайын!


Сергіту сәті
«Нейрожаттығу»
Музыканың ырғағымен суреттерді пайдалана отырып нейрожаттығу орындау.

«Төрт сурет, бір сөз» әдісі арқылы жаңа тақырыпты анықтайды.
-Үйлер, ағаштан жасалған үйлер, үңгірлер, киіз үй,баспаналар.
-Иә
-Баспана
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.

Жаңа ақпаратпен танысады.


Оқушылар өздік жұмыс, ежелгі баспана жасайды.

Сергіту сәтін жасайды.


Мадақтау

«Шапалақ» әдісі.
3 шапалақ - «Маған ұнады. Жұмысым сәтті шықты»
2 шапалақ- «Орындадым, бірақ қиын болды»
1 шапалақ- «Тапсырманы орындай алмадым»


Көрнекілік суреттер


Оқулық
Көрнекілік суреттер


Интербелсенді тақта

Таяқша, резеңке, ермексаз, фломастер, қағаздар, қайшы, степлер


Көрнекілік суреттер


Музыка

Сабақтың соңы
Бекіту
1 минут
Үй тапсырмасы
1 минут
Кері байланыс
3 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет