Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№2-тапсырма:
Төмендегі үзіндіні оқып, осы тарауда қандай мәселелерге назар аударылатынын болжап айт. Мәтіндегі тірек сөздердің мағынасын таратып түсіндір. Басқа тілден енген сөздерді тауып, олардың жазылу ерекшелігіне көңіл бөл.
|
Мәтінді оқып, осы тарауда қандай мәселелерге назар аударылатынын болжап айтады. Мәтіндегі тірек сөздердің мағынасын таратып түсіндіреді.
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
- мәтінді оқиды.
- мәтіндегі тірек сөздердің мағынасын таратып түсіндіреді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
№3-тапсырма.
«Құнды», «Құндылық», «Жалпыадамзаттық», «Ұлттық» сөздерінің мағынасын қалай түсінетініңді тұжырымдап жаз. Өз пайымдауларыңды «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі» осы сөздерге берілген анықтамалармен салыстыр.
|
Берілген сөздердің мағынасын қалай түсінетінін тұжырымдап жазады. Өз пайымдауларын «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі» осы сөздерге берілген анықтамалармен салыстырады.
|
Дескриптор:
Жалпы – 4 балл.
- Берілген сөздердің мағынасын қалай түсінетінін тұжырымдап жазады.
-салыстырады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
|
№4-тапсырма.
Ойшақыру. Мәтін бойынша және өздерің құндылықты тағы қалай түсінетіндеріңді ойланып, диаграмма мен кестені толтырыңдар.
|
1, 2 –жұп кестені, 3, 4-жұп диаграмманы толтырады. Жұмыстарын алмастырып, салыстырады.
|
|