Сабақтың тақырыбы: Адамзаттың ғаламдық мәселелері Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет1/3
Дата19.05.2023
өлшемі37,61 Kb.
#94892
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Адамзаттың ғаламдық мәселелері 10-сынып


Білім беру ұйымының атауы

№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты

Пәні:

География

Бөлім:

Адамзаттың ғаламдық проблемалары

Педагогтің аты-жөні:

Жайлаубек Н.М.

Күні:

10.05-11.05.23-16.05.23 ж

Сынып:

10

Сабақтың тақырыбы:

Адамзаттың ғаламдық мәселелері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.7.1.1 адамзаттың дамуындағы проблемаларын топтастыру
10.7.1.2 ғаламдық проблемалардың критерийлерін анықтау



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Адамзаттың ғаламдық проблемаларын анықтайды
Басым оқушылар: Адамзаттың дамуындағы проблемаларды топтастырып, талдайды
Кейбір оқушылар: Ғаламдық проблемалардың пайда болу критерийлерін анықтайды

Ойлау дағдысының деңгейі

Қолдану, талдау,жинақтау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу

  2. Түгендеу
    ынтымақтастық атмосферасын құру үшін жасалатын әрекет. Оқушылар шеңберге тұрғызылады, ғаламдық мәселелер жайында бар білетіндерін ортада бөліседі.

Үй тапсырмасын сұрау



Барлық оқушының қатыстырылуы арқылы белсенділіктері артады






Оқулық, жұмыс дәптері, интербелсенді тақта.



Сабақтың ортасы

Жаңа тақырып бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктер:
Ғаламдық проблема ұғымы.
Ғаламдық проблема түрлері
Жаңа тақырып бойынша тірек схемалармен жұмыс
«Түсіну» теориялық білім
Ғаламдық проблема ұғымы. Адамзаттың ғаламдық мәселелері
ХХ ғасырдың соңғы 10 жылы дүние жүзі халықтары алдында көптеген шиеленіскен және күрделі проблемаларды қойды. Олар ғаламдық проблемалар деген атқа ие болды.
Ғаламдық проблемалар дегеніміз – бүкіл адамзатқа қатысты проблемалар. Олар дүниежүзілік қоғамдастық елдерінің арасындағы қарым - қатынастарды, қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды, ресурстармен қамтамасыз етуді бірлесіп шешу мәселелерін қамтиды. Ғаламдық сұрақтар мен қоғамдық жауаптардың болуын, оларды шешу үшін кең көлемді халықаралық ынтымақтастық болуын талап етеді.
Ғаламдық проблемалар өзінің бір – бірімен әрекеттесуінде өзінше мынадай үшбұрыш құрайды.
АДАМ – халықтың әлеуметтік дамуы;
ҚОҒАМ – экономикалық дамуы;
ТАБИҒАТ – айналадағы ортаға ықпалы.
Проблема түрлерінің байланысы:
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ ПРОБЛЕМА:
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРОБЛЕМА:
ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМА:
Ғаламдық проблема түрлері
Сипаттары жағынан ғаламдық проблемалар әр түрлі, бірақ олардың бәрінің арқауы адамзаттың географиялық бірлігі және оның аман қалуы идеясы.
Ғаламдық проблемаларды қаншалықты қуатты болса да бірде - бір мемлекет, не мемлекеттердің бірде - бір тобы өз күшімен шеше алмайды. Тек бейбітшілік жағдайында барша елдер күш біріктіргенде ғана, өзара тәуелді екендігін баршамыз ұғынып, жалпы адамзаттық міндеттер бірінші орынға қойылған күнде ғана халықтар ертеңгі күнге сенімді бола алады, әлеуметтік және экологиялық апаттардың алдын алуға болады және түптеп келгенде аман қалудың амалы да осы. Ядролық қыс» концепциясы.
Ядролық жарылыстардың салдарынан жаппай өрт шығып, атмосфераға орасан көп мөлшерде күйе, күл, улы газдар жайылады. Ұнтақ күлден түзілген қою бұлт күннің сәулесін жерге жеткізбей, кері шағылыстырып жібереді. Жер үстін қара түнек -«ядролық түн» басады. Осының салдарынан планетаның радиациялық балансы бұзылады, жер бетіндегі температура әп - сәттің арасында шамамен 15 - 20 градусқа төмендейді. Атмосферадағы циркуляция жүйесі түбірімен өзгергендіктен, бұл орасан зор климаттық апат бірнеше аптада бүкіл жер шарына жайылып, тіршілік атаулы құриды.
Ядролық қыстың түсуінің математикалық үлгісінің жасалуы - терең, орны толмас, адамзаттың жер бетінен құрып кету қаупін туғызатын ядролық апаттың планеталық ауқымы.
«Жылу әсері» парниковый эффект ғылыми болжамы. Климатолог - ғалым М. И. Будыко т. б. ғалымдар «Жылу әсері» парниковый эффект ғылыми болжамы бойынша климаттың ұдайы жылынуы нәтижесінде қалыптасқан ғаламдық өзгерістер соңғы жүз жыл ішінде Жердегі орташа температура 0, 6 ºС көтерілді. Жылу әсері дами беретін болса ғаламдық температура 3 - 4 ºС көтерілетін болса, Антарктида мен Гренландия, Солтүстік мұзды мұхит мұздықтары еріп Дүниежүзілік мұхит деңгейі 66 км көтерілген болар еді. Бұл бүгінгі адамзаттың ¼- і тұратын жерлерді басып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет