Сабақтың тақырыбы «Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттың ұлы ұстазы»



Дата19.05.2023
өлшемі21,63 Kb.
#94914
түріСабақ
Байланысты:
Акерке (копия) (копия)





Класс жетекші:

Кушпанова.А.Т

Класс:

Қатысушылар саны:27

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттың ұлы ұстазы»

Сабақтың мақсаты:

Тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу

Көрнекіліктер:

Презентация,Суреттер,Видеоролик,,Интерактивті тақта,плакаттар

1-жүргізуші: Саламатсыздар ма,оқушылар!
Оқушыларға сұрақ:
Іші толған әріпке,
Ғылымдағы жарық не?
Барлық ілім - білімнің
Анасы осы — Әліппе
Олай болса, балалар, осы әліппе оқулығының алғашқы құрастырушысы кім екенін білеміз бе?
Ол, Ахмет Байтұрсынов атамыз. Бүгінгі тәрбие сағатымызда Ахмет Байтұрсынов атамыз туралы зерттеп, кеңірек танып білеміз
2-жүргізуші:Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын “Шаттық шеңбері” не тұрайық.Бүгінгі шаттық шеңберінде қасымыздағы досымыздың бас әріпінен басталатын жылы сөздер айтамыз!
1-жүргізуші:Жақсы балалар,Жарайсыңдар!Енді орнымызға отырып бүгінгі сабағымызды бастайық.Жалпы Ахмет Байтұрсынов туралы айтпас бұрын өміріне хронологиялық кесте беріп өтейік.



Жылдар

Ахмет Байтұрсынұлы

1873 ж.

Қазіргі Қостанай облысы, Торғай алабындағы Сарытүбек деген жерде туылған.

1882-1884 ж.ж.

Өз ауылында хат танып, сауат ашады.

1886-1891 ж.ж

Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде оқиды.

1891-1895 ж.ж.

Орынбордағы мұғалімдік мектепті бітіреді, ауыл мектептерінде мұғалім болады.

1909 ж.

Қарқаралыда екі сыныпты училищесінің меңгерушісі болып жүріп, «Өкіметке қарсы» деген жала жабылып, Семей абақтысынаа жабылады.

1910 ж.

Орынборға келіп, қоғамдық-саяси жұмыстарға араласады.

1913-1918 ж.ж.

«Қазақ» газетінің редакторы болады.

1918-1919 ж.ж.

Алашорда партиясы басшыларының бірі ретінде қазақ елінің болашағы, тәуелсіздігі үшін қызмет етеді.

1919 ж.

Ағарту саласында оқытушы, халық ағарту комиссары болады.

1937 ж.

Сталиндік репрессияға ұшырайды.

1938 ж.

Өлім жазасына кесіледі

2-жүргізуші: Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым-Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен танысайық.Бейнеролик арқылы
3-жүргізуші: Слайд
2-жүргізуші: 1920 жылы болатын Қазақстанның бірінші Кеңестер съезінде Ахмет Қазақстан үкіметіне мүше, жаңа оқу комиссары болды. 1921 – жыл комиссарлықтан түсіп, Қазақстан білім комиссиясына бастық болды. 22 жылы Ахмет коммунистік партиядан шықты. Бірақ білім комиссиясынан түскен жоқ, бұл кезде Ахмет қазақ институтында оқытушы да боп тұрды.
1-жүргізуші: 1928 жылы Ахмет білім комиссиясынан босатылды да, Алматы қаласында ашылған бірінші қазақ университетіне қазақ тілінен оқытушы есебінде Алматы кетті. 1929 жылдың басында, Кеңес үкіметіне карсы жасырын ұйым жасағандығы айқындалғасын абақтыга алынды. Қысқаша айтқанда, Ахметтің өмірі осы.
2-жүргізуші: А.Байтұрсынұлы бар уақытта, бар кезде де оқу керек деп кетті. Демек, біз кеңес дәуіріндегідей «Оқы,оқы және оқы» деген Ленин емес, қазақ халқы оқу керек, қазақ халқы білімге қол жеткізуі керек дегенді ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы екеніне енді көз жеткізіп отырмыз. Ғылым-білімге баратын жол халықты жақсылыққа апаратын жол екенін ол баса айтты. А.Байтұрсынұлы еңбегі қазақ үшін жасалған мәңгілік еңбек
1-жүргізуші:Осылай бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.Енді бүгнігі сабақты бағалау ағашы әдісімен бағалап кетейік.Қолымыздағы стикерлерді тақтада ілініп тұрған ағашқа қандай көңіл-күйде болдық сол жерге жабыстырамыз

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет