Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы өмірі. Мысал Бөлім: Адам гершілік асыл қасиет



бет2/2
Дата14.02.2023
өлшемі21,93 Kb.
#67711
түріСабақ
1   2
Байланысты:
5 әдебиет 10.01

Бағалау критерийі:
шағын көлемді үзінділерді жатқа айтады

Кері байланыс беріледі.







Дәрілік өсімдіктер


Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан – ақ ата- бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып - біліп, оларға ат қойып, жеміс - жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, гүл, тамырларын дәрі - дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер – оттегіні бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Республика территориясынан 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Оның 500 - дейі дәрілік өсімдіктерге жатады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орында тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Мал бағумен айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп, ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ертеден тараған. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ және тағы басқа түрінде қолданады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылған артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы болады. Ежелгі қытайлықтарда халықтық медицина жақсы дамыды. Олар өз денсаулықтарына қатты көңіл бөлген. Қытайлық емшілер емдеудің көп түрін меңгеріп, оны өз тәжірибелерінде де қолданып отырды. Олар көптеген емдік қасиеті бар шөптерден дәрі дайындап, адамдарды онымен емдеп отырған. Әлемдік дәрі - дәрмек рыногына шыққан бірінші қазақстандық дәрі, отандық препарат «Арглабин» болды. Оның авторы – қарағандылық ғалым, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Әдекенов. 2007 жылы оған ғылым және техника саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет